Наурыз Әже: "Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу).
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңыздар бүгін
біздің «Достық » тобында үлкен той болғалы жатыр. Бізбен
бірге тойлатыңыздар!
Жүргізуші: Ортаға біздің бүлдіршіндердің тақпақтарын тыңдайық.
Ернұр: Алқа – жұртым, той думан, Ортамызда ашайық. Ән мен күйді төгіп біз, Інжу маржан шашайық!
Инабат: Наурыз тойым, Құтты болсын қалайық! Қане, достар Шырқап әнге салайық!
Аянат: Мы здесь сегодня собрались, Чтоб встретить праздник - Наурыз! Улыбки, шутки, звонкий смех, Пусть радуют сегодня всех!
Данияр: С Наурызом поздравляем Мы сегодня всех людей Счастья, радости желаем И весенних тёплых дней.
Көзайым: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
"Көгерсін"деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын. Міне мерекеге қыздар мен
балдарымыз айтыс өнерін алып келіп отыр.
К.Хадия: Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
Абылай: Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
К.Хадия: Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Би: «Шашу» қыз.
(Қойылым). Кішкентай бала қолында қамшысы бар, сахнаның ортасына келіп: “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын!
Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әжесі құндақталған сәбиді сахнаның ортасына алып келеді.
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды
Наурызбай деп қояйық. Сенің атың “Наурызбай”, Сенің
атың “Наурызбай”, Сенің атың “Наурызбай”, - деп үш рет
құлағына айқайлайды.