Манатова.Ә. Т


Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады? Әже



бет3/3
Дата05.04.2023
өлшемі19,88 Kb.
#79441
1   2   3
Байланысты:
22-наурыз

Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым
жасалады?
Әжесі: Баланы қырқынан шығарады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әжесі: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады.
Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны
иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп,
тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы
көйлегі ботам, - деп немересіне қысқаша жауап береді.
Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін.
(Ойын). Бір бала ит болып, оның мойнына кәмпит түйіп байланады.
Ол қашып, оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен
бүлдіршін кәмпитті алып, барлығына үлестіріп береді.
Жүргізуші: Балалар, жарайсындар! Ал енді әрі қарай батырлар биін
тамашалайық.
Би: «Батырлар».
Жүргізуші: Балалар, атамыздан бір ұлттық ойын сұрайық.
(Ойын): Асық ойын.
Әже: Балалар, осы Әз – Наурыз біздің жаңа жылымыз, осы
мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз
көжені қалай пісіру керек жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып, топтағы қыздарымызбен
келген қонақтарға наурыз көже таратылады). Құрметті
қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен
ауыз тейіңіздер! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін
өнерлеріңді тамашаладым. Наурыз мерекесінің куәсі
болдық. Тойларың тойға ұласа берсін, халқымыз тыныш,
еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау
болыңдар!
Жүргізуші: Ән қосылып әніңе Сән қосылып сәніңе Ырысты боп жаңа жыл Бақ дарысын бәріңе Ой қосылып ойыңа Бой қосылып бойыңа Аман-есен жетейік Келесі Наурыз тойына!
Құрметті ата – аналар, бөбекжай – бақшасы әкімшілігі, Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Әз – Наурыз» атты «Айгөлек» ересек тобының ертеңгілігіне келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет