3.7-тісті жұлу үшін дәрігер келесі тәсілмен жансыздандыру жасады. Ауызды кеңінен ашып шприцті оң жақ езуге тіреді де, инені ұрттың шырышты қабығы мен қанат –жақ қатпарының арасынан пайда болған сызатқа, жоғарғы сегізінші тістің шайнау бетінен 0,5 см. төмен сүйекке дейін шаншыды да анестетик жіберді. Тіс ауырмай жұлынды. Дәрігер қандай жансыздандыруды жасады?
*Гоу-Гейц жансыздандыруын
*+үстірттік жансыздандыруды *байлам ішілік жансыздандыруын
*мандибулалық жансыздандырудың саусақты тәсілі
*мандибулалық жансыздандырудың саусақсыз тәсілі
#107
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінінің коллатералдық ісінудің салдарынан беті асимметрияланған. Ауыз ішінде 1.2-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған, түсі өзгерген, қаққанда қатты ауырады. 1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын, ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 1.2-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Емдеу шараларын толық жүргізу үшін қандай нервтерді тежеген дұрыс болар еді?
*бет сүйегі және жоғарғы артқы мұрын нервтерін
*жоғарғы артқы және таңдай нервтерін
*жоғарғы ортаңғы ұяшықты және күрек тіс нервтерін
*үлкен тасты және терең тасты нервтерді
*+жоғарғы алдыңғы ұяшықтық және мұрын таңдай нервтерін
#108
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінің коллатералдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған. Ауыз ішінде 1.2-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған,түсі өзгерген,қаққанда қатты ауырады,1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 1.2-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз?
*Вейсбрем бойынша және мандибулалық жансыздандырулар
*+көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тіс жансыздандыруын
*төмпешіктік жансыздандыруының ауыз сырты тәсілі мен таңдай жансыздандыруы
*иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар
*Берше-Дубов және төмпешіктік жансыздандырудың ішкі тәсілі
#109
4,8-тісі жұлынғаннан 3 күннен кейін 28 жастағы жігіт ауызының шектеліп ашылатынын шағымдап келді. Тексеру барысында тіс ұяшығының эпителилену сатысында екені, қабыну үрдісінің жоқтығы, ауыздың ІІ-дәрежеде шектеліп ашылатыны анықталды. Осы науқасқа қандай ем шаралар жүргізуге болады деп ойлайсыз?
*новокаин тосқауылдары
*+ЕДШ мен физиоем
*антибактериялық ем
*десенсибилизациялық ем
*антисептиктердің ерітінділерімен ауызға ванночкалар жасау
#110
18 жасар қыз баланың 2.3-тісінің сауыты қызыл иекке дейін бұзылған, сырт жағындағы шырышты қабығы қызарған, басқанда қатты ауырады. Жаралы- өліеттенген гингивит. Рентгенсуретінде: 2.3-тістің өзегінің ¼ бөлігі онық қисықтығынан пломбаланбай қалған. Түбір ұшы тіндерінде шекарасы анық емес сорылған ошақтар бар.
Осы тісті жұлу үшін қандай жансыздандыруларды жасаған дұрыс болады?
*азу тіс және инфильтрациялық жансыздандырулар
*+тандай және көзасты жансыздандыруларының ішкі тәсілі
*байлам ішілік және төмпешіктік жансыздандыруларының сыртқы тәсілі
*төмпешіктік ішкі тәсілі және байламішілік
*иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен таңдай жансыздандыруы
#111
49 жасар әйелдің 4.5-тісін жұлу үшін дәрігер екі жағынанда инфильтрациялық жансыздандыру жасады. Тіс жұлу кезінде аздап ауырғаны байқалды.Тістің түбір ұшы қалып қойды. Оны алу дәрігерге ауру сезімнің күшеюіне байланысты мүмкін болмады. Қайта жансыздандыру жасауға тура келді.
Баста қандай жансыздандыру жасаған дұрыс еді?
*+мандибулярлы және инфильтрациялы жансыздандыру
*иек жансыздандыруын
*аппликациялық жансыздандыруын
*Берше-Дубов жансыздандыруын
*байлам ішілік жансыздандыруын
#112
40 жасар ер кісіге төмпешіктік жансыздандыру жасау барысында қан тамыры жарақаттанып, гематома пайда болды.
Осы жансыздандыруды жасау барысында қандай тамырлар жарақаттанды деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |