*сыртқы ұйқы артериясы
*ішкі ұйқы артериясы
*+қанат тәрізді вена өрімі
#17
30 еркек оң жақ ұртының ісінгеніне шағымданып келді. Ісіну убестезинмен төмпешіктік жансыздандыру жасағаннан кейін бірден пайда болды. Соған қарамастан дәрігер тісті жұлу әрекетін тоқтатпаған. Тіс қиын жұлынған. Дәрігер мұз басу керектігін айтқан. Тексеру барысында құм сағат симптомы анықталды. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйығына толы.
Дәрігердің қандай қателігінің салдарынан бұл асқыну дамыды?
*тісті жарақатты жұлғаннан
*жансыздандырғышты дұрыс таңдамағандықтан
*тісті жұлмау керек еді
*жансыздандыру тәсілін дұрыс таңдамағандықтан
*+жансыздандыру тәсілін дұрыс орындамағандықтан
#18
Дәрігерге тіс жұлғаннан кейін сол жақ ерні мен иегінде құмырсқа жүргендей сезімдердің пайда болғанына шағымданған қыз бала келді. Екі апта бұрын төменгі сол жағынан ақыл тісін жұлғаннан кейін осы сезімдер пайда болған. Тіс қиын жұлынған. Дәрігер үш рет жансыздандыру жасапты. Дәрігерге осы шағымдарын айтып бірнеше рет қаралған. Бірақ дәрігер бұл сезімдердің 1- 2 аптадан кейін өзі ақ кетіп қалатынын айтып шығарып салған.
Осы асқынудың дамуына қандай себептер әсер етті?
*тістің жарақатты жұлынуы
*жансыздандырғыштың көп салынуы
*жансыздандыруды бірнеше рет қайталаудан
*+төменгі ұяшықты нервтіі инемен жарақаттануы
*инемен ішкі қанат тәрізді бұлшық еттің жарақаттануы
#19
Убестезинмен төмпешіктік жансыздандыру жасап болған соң науқастың оң жақ ұрты ісініп кетті. Дәрігер 1.8 тісті қиындықпен жұлды. Мұз басуды тағайындады. Үш күннен кейін науқастың жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауыра бастады. Ауру сезімі оң жақ самайға, құлаққа беріліп дене қызуы көтеріле бастады. Құм сағат симптомы айқын байқалады. Ауызы ІІІ- дәрежелі шектеліп ашылады. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарды сипағанда қатты ауырады. Жұлынған 1.8 тістің ұяшығы ұйыған қанға толы.
Осы асқынудың дамуына төмендегі қандай себептер әсер етті?
*тістің жарақатты жұлынуы
*жансыздандыруды дұрыс таңдамауы
*ине шаншитын жерді дұрыс таңдамау
*жансыздандырғыш дәріні дұрыс таңдамау
*+инені жылжыту барысында дәрі жіберіап отыру керек еді
#20
Төмпешіктік жансыздандыру жасаған соң науқастың оң жақ ұрты ісініп кетті. Дәрігер 1.8 тісті қиындықпен жұлды. Мұз басуды тағайындады. Үш күннен кейін науқастың жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауыра бастады. Ауру сезімі оң жақ самайға, құлаққа беріліп дене қызуы көтеріле бастады. Құм сағат симптомы айқын байқалады. Ауызы ІІІ- дәрежелі шектеліп ашылады. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарды сипағанда қатты ауырады. Жұлынған 1.8 тістің ұяшығы ұйыған қанға толы.
Осы науқаста қандай асқыну дамыды деп есептейсіз
*оң жағынан самай аймағының флегмонасы
*оң жағынан самай асты аймағының флегмонасы
*оң жағынан самай асты аймағының гематомасы
*оң жағынан жоғарғы жақсүйегінің жедел периоститі
*+оң жағынан самай асты аймағынын іріңдеген гематомасы
#21
40 жасар кезде еркек тістерінің қозғалмалы екеніне және тамақ шайнаған кезде ауыратынына шағымданып келді. Объективті: 1.1, 1.2 тістері сау, III- дәрежелі қозғалмалы. Түбірлерінің 1/3 бөлігі жалаңаштанған. Тіс араларында тереңдігі 7 мм патологиялық қалталары бар.
Осы тістерді жұлу үшін қандай тіс өрімі тежелуі керек?
*жоғарғы артқы ұяшықты
*жоғарғы ортаңғы ұяшықты
*төменгі алдыңғы ұяшықты
*төменгі ортаңғы ұяшықты
*+жоғарғы алдыңғы ұяшықты
#21
41 жасар кезде еркек тістерінің қозғалмалы екеніне және тамақ шайнаған кезде ауыратынына шағымданып келді. Объективті: 1.1, 1.2 тістері сау, III- дәрежелі қозғалмалы. Түбірлерінің 1/3 бөлігі жалаңаштанған. Тіс араларында тереңдігі 7 мм патологиялық қалталары бар.
Осы тістерді жұлу үшін қандай тіс өрімі тежелуі керек?
*жоғарғы артқы ұяшықтық
*жоғарғы ортаңғы ұяшықтық
*төменгі алдыңғы ұяшықтық
*төменгі ортаңғы ұяшықтық
*+жоғарғы алдыңғы ұяшықтық
#23
46 жасар ер кісінің 4.6 жұлу үшін новокаиннің 2% ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыруы жасалды. 50 секундтай уақыт өткен соң науқаста үрейлену сезімі пайда болып, салқын жабысқақ тер басып, еріндері көгеріп, АҚ сн. бағ. 60 30 мм. төмендеген, қарашықтары ұлғайып жарыққа жауап бермейді. Кіші дәреті еріксіз жүріп кетті.
Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыды деп қауіптенесіз?
*талықсу
*естен тану
*диабетік кома
*гипертониялық криз
*+анафилактикалық шок
#24
40 жасар ер кісі стоматологиялық емханаға ауыз қуысын протездеу алдында санациялау мақсатымен келді. ІІІ дәрежедегі қозғалмалы 1.1 және 1.2 тістерін жұлу керек. Түбірлерінің 1/3 бөлігі жалаңаштанған.
Осы тістерді ауырпай жұлу үшін қандай нервтерді тежеген дұрыс?
*терең тастық және бетсүйегі
*үлкен тастық және бетсүйегі самай
*жоғарғы артқы ұяшықтық және бетсүйегі
*таңдай және жоғарғы ортаңғы ұяшықты
*+мұрын таңдай және жоғарғы алдыңғы ұяшықты
#25
70 жасар ер кісі 1.1 тісінің түбір ұшында кистасына байланысты цистоэктомия опетациясы жоспарланды. Дәрігер келесі тәсіл бойынша жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен көз ұясының төменгі қырынандағы бұдырды тауып алып, одан 0,75 см төмен түсіп нысана көзін анықтады. Бас бармағымен жоғарғы ерінді жоғары көтеріп, 1.2- 1.1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпардан 0.5 төмен инені шаншып, сүйеті бойлай бас бармағы басып тұрған жерге қарай жылжытты. Жылжыған сайын дәрі жіберіліп отырды.
Дәрігердің жасағаны қандай жансыздандыру?
*күрек тіс
*төмпешіктік
*Вайсблат бойынша
*+инфраорбиталық
*инфильтрациялық
#26
Жансыздардырғыштарға токсикалық реакциясын анықтау үшін төмендегі сынамалардың қайсысы жасалмайды?
*аллергологтың кеңесі
Достарыңызбен бөлісу: |