140
символикалық мәні бар. Яғни ол – ел жүгін арқалайтын атандай ерлердің күш-
құдіретін сөз арқауы ету. Осы символиканың түпнегізі –
бел сөзі. Оған
арту сөзі
екі рет қайталану арқылы оның физикалық мүмкіндігін одан сайын арттыра
түскен. Әрі есімшелер сияқты, тұйық етістіктердің де анықтауыш мүше болып,
эпитет түзе алатынын көрсетеді. Ал
батпан, батпан мін эпитеті адам бойындағы
кемшіліктердің, айыптың аса көптігін танытады.
Батпан сөзінің өзі қазақтың
салмаққа байланысты дәстүрлі танымында ең ауыр салмақты көрсетеді. Ал оның
анықтауыш мүшеде екі рет қайталануы сол заттық ұғымның мөлшерін әлденеше
есе арттыра түседі.
Батпан сөзі салмақ өлшемінің атауы болса да, тіркесте
ауыр
деген
сындық мөлшер ұғымын білдіреді.
Жыраулар поэзиясында анықтауыштардың үш рет қайталанып келуі де
кездеседі. Мұның мәні екі рет қайталанудан аздап өзгешелеу. Оны кейінге
қалдыра тұрып, әуелі бұлардың мағынасына келсек:
алаң, алаң, алаң жұрт – кең
аумақты, көптікті,
асқар, асқар, асқар тау – биіктікті,
сере, сере, сере қар –
қалыңдық, сірескен қаттылықты,
тоғай, тоғай, тоғай су – кең таралуды,
молдықты білдіреді. Сонымен қатар бұл
қайталауыш анықтауыштар бірнеше
тауларды, әлденеше жұртты, сан тарау суды сандық жағынан да сипаттайтын
тәрізді. Осындағы
сере сөзі туралы С.Боранбаев мынадай бір қызықты
деректерді келтіреді:
«Сунус (қарыс – ұзындық өлшемі).
Арабша – ал-фитр (пядь
фитр – мера длины, равная 18 см); (указательный палец). АбуХ. –
шанус (түрікше
сере болып аударылған). Түрікше:
сере (расстояние между большим пальцем и
мизинцем – как мера). Қазақша –
сере (сере қарыс қазысы бар). Арабша
аудармасына қарағанда, бас бармақ пен сұқ саусақтың ұшына дейінгі аралықты
көрсететін ұзындық өлшем тәрізді» [190, 61 б.]. Демек,
сере сөзі – берітінге дейін
қолданыста болған ұзындық өлшемі. Қардың қалыңдығы адамның дене мүшесі
(қолдың қары) арқылы өлшенетіні – заңды құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: