139
өлшемін,
тоқал терек, тоқал торы – кемістікті, толымсыздықты
, тіз оқ –
жылдамдықты,
ақала орда – айбынды,
ару ұл, қас игі – жоғары сапаны, деңгейді,
шаршы топ – кеңдікті,
қом су –
молдықты, екпінді, толқынды ағысты,
ежелгі
дос, ежелгі дұспан – «уақыт мөлшері» ұғымын білдіреді.
Бұлар да көбіне
дағдылы, константты (тұрақты) тіркестер болып келеді.
Мұндағы анықтауыш мүшелердің көпшілігі сын есім сөздер, ал
тас, жез,
алтын сияқты зат есім сөздерінде
конататтық мағына (сезімдік) бар, яғни осы
заттарға тән ең басты қасиет сапалық (сындық) ұғым ретінде зат есім сөзінде
актуалданып, тірек сема ретінде сақталған. Сондықтан бұл сөздер зат есім болса
да келесі бір заттардың сапалық белгісін айқындап, сапалық мөлшер ұғымын
білдіреді.
Жыраулар поэзиясында
мөлшер эпитеттер сан есім анықтауыштар арқылы
да жасалады. Мысалы,
он отау, қырық шатыр, отыз екі омыртқа, он түйме,
екі қары бөз, он екі құрсау жез айыр т.б. Бұлардың бәрі де өзінен кейін тұрған
зат есімдерді
сандық мөлшер тұрғысынан анықтайды. Сонымен қатар, кейбірі
көп, мықты деген жанама мөлшерлік ұғымдарды да білдіреді. Мұндағы сан есім
анықтауыштар жай кездейсоқ берілген сандар емес, халықтың танымында
терең
орныққан, менталды мәні бар сандар. Қазақ халқы киелі ұғымдарды қашан да
осындай киелі сандармен қатар қою арқылы өз танымын метафораландырып,
жарыққа шығарып отырады.
Он, қырық, отыз екі, он екі сияқты дара және
күрделі сандар – дәстүрлі қазақ танымында айрықша маңызы бар сандар. Олар
киелі ұғымдармен ұзақ уақыт бойы қатар қолданылу нәтижесінде тұрақты тілдік
құрылымға айналады. Мұндай тұрақты құрылымдарда жылдар, ғасырлар бойы
көптеген құнды ұғымдар жинақталады. Сол ұғымдардың бірі – мөлшерлік ұғым.
Жыраулар поэзиясында есімдіктердің мағыналық топтары да аз да болса
мөлшерлік анықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы,
түгел іс, барша әлем,
Достарыңызбен бөлісу: