Кесте 4: -дай/-дей (-тай/-тей) формасының құрылымдық-
семантикалық даму жолы
Түркілік кезеңдер (V-XIV ғғ.)
Қазіргі кезең
- тег
(V-IX
ғғ.)
1. Ұқсату (мөлшер, болмыс) сем.: теңрітег
(тәңрдей), ечісін тег (КТү., 5) // ағасындай,
қанын тег (КТү., 5) // хандай;
2. Салыстыру (қимыл-әрекет, қасиет,
сапа): бөрі тег (КТү., 12) // бөрідей, қой тег //
қойдай.
1. Ұқсату (мөлшер, болмыс)
сем.: -дай/-дей, -тай /-тей
(тәңірдей, ағасындай, хандай);
2. Салыстыру (қимыл-әрекет,
қасиет, сапа): -дай/-дей, -тай/-
тей, -ша, -ше (бөрідей, қойдай,
қасқырша, қойша).
-тег
(X-XII ғғ.)
1. Ұқсату сем.: ол андағ тег // ол сондай
секілді; ол анандай (МҚ, Т
3
-216).
1. Ұқсату сем.: -дай/-дей, -тай/-
тей (сондай, андай, мындай).
-тег
- дағ
-тек
-теглі
(XIII-
XIV ғғ.)
1. Болжалды уақыт сем.: бір саʻаттег // бір
сағаттай (ХШ, 97р-37);
2. Салыстыру сем.: ағызтег // ауыздай;
тағтег // таудай (ХШ, 92p-44);
3. Ұқсата сілтеу сем.: андағ уақиғадур //
мынадай оқиға еді (АХ, 221/40-42); аныңтег
болдылар (ХШ, 10в-13) // сондай болды;
мундағ ешітті (ХШ, 35р-29) // мұндай есіткен;
мунтег йаман (ХШ, 30в-3) // мұндай жаман;
өмрі мунуңтег (ХШ, 36р-19) // өмірі осылай
(мұндай);
4. Ұқсату (мөлшер, қасиет) сем.: дивтег //
диюдай; мән теглі (ХШ, 54в-3) // мен сияқты;
ағыр тур тағтег (ХШ, 92p-44) // ауыр бол
таудай; текүк йар (ХШ, 103в-13) // жар
сияқты;
5. Шаманы күшейту, сілтей ауыстыру сем.:
йер андағ нала (АХ, 181/1-3) // жер сонша
нала.
1. Болжалды уақыт сем.: -дай/-
дей, -тай/-тей (бір сағаттай);
2. Салыстыру сем.: -дай/-дей, -
тай/-тей (ауыздай, таудай);
3. Ұқсата сілтеу сем.: -дай/-дей,
-тай/-тей
(ондай,
сондай,
мынадай, мұндай);
4. Ұқсату (мөлшер, қасиет)
сем.:
-дай/-дей,
-тай/-тей,
сияқты,
секілді
(диюдай,
таудай, жар сияқты);
5. Шаманы күшейту, сілтей
ауыстыру сем.: -дай/-дей, -
тай/-тей,
-ше/-ше
(сондай,
сонша)
133
Кесте 5: -ша/-ше формасының құрылымдық-семантикалық даму
жолы
Түркілік кезеңдер (V-XIV ғғ.)
Қазіргі кезең
-ча/-че
(V-IX
ғғ.)
1. Ұқсату (пішін, қимыл-қозғалыс) сем.: қаның
субча йүгүрті // қаның судай ақты (КТү., 24);
2. Салыстыру (мөлшерін, қасиетін) сем.: сүңүкүң
тағча йүгүрті // сүйегің таудай жатты (КТү., 24);
3. Болжалдау (сандық мәнді болжалдау, шегін
болжалдау) сем.: елікче // елуше (Тон., 42), иүзче //
жүзше (БҚ, 37);
4. Уақыттың шегі сем.: «Олуртуқыма өлтечіче //
Қаған болғанымда өлгенше (БҚ, 2);
5. Шаманы күшейту, сілтеу сем.: - анча ітдіміз //
осынша еттік (КТү., 21); - бунча будун // сонша
халық (БҚ, 12); - едгү ынча // жақсылық сонша (ХТ,
10/4).
1. Ұқсату сем.: -дай/- дей, -
тай/-тей (судай, таудай);
2. Салыстыру сем.: -дай/-
дей, -тай/-тей (таудай
болып үйілді, судай ақты);
3. Болжалдау сем.: -дай/-
дей, -тай/-тей (елудей,
жүздей);
4. Уақыттың шегі сем.: -
ша,
-
ше
(өлгенше,
келгенше);
5.
Шаманы
күшейту,
сілтеу сем.: -ша, -ше
(бұнша, мұнша, осынша,
онша).
-ча/-че,
-ша/-ше
(X-XII
ғғ.)
1. Ұқсату (секілді, сияқты, қимыл-қозғалыс): «ол
менің че // ол менше; ол мен секілді», «бұ аның ча //
бұл оныңша; бұл сол секілді» (МҚ, Т
3
-285);
2. Жинақтау, жалпылау сем.: барча // барша (МҚ,
Т
1
-285);
3 . Шаманы күшейту, ауыстыру сем.: - Бир анча
будун//бір қауым халық (АЙ, 124); - Мунча көңүл //
мұнша көңіл (АЙ, 183).
1. Ұқсату сем.: сияқты,
секілді (ол мен сияқты, бұл
ол сияқты);
2. Жинақтау, жалпылау
сем.: барша;
3. Шаманы күшейту,
ауыстыру сем.: -ша/-ше
(мұнша, анша).
-ча
(-че, -чә)
(XIII-
XIV ғғ.)
1. Уақыттың шарттылық шегі, мөлшері сем.:
ақызмағунча // төкпегенше (АХ, 229/34-38);
сурғача // тартылғанша (АХ, 196/42-45); күн
батмышча // күн батқанша (ХШ, 90p-13); таң
атғынча // таң атқанша (ХШ, 36в-20); айча артуқ //
(бір) айдай артық (ХШ, 71в-1); давысқынча ғазал
шах гөш қылды // Тауысқанша ғазалды шаһ
тыңдады (МН, А/75-78).
2. Салыстыру (көлем, форма) сем.: зәррәчә //
зәредей (ХШ, 40р-20);
3. Уақыттың созылу шегі сем.: тақийаматғача //
қияметке шейін (АХ, 186/28-31);
4. Арақашықтық шегі семантикасы: белигича //
беліне дейін, (АХ, 218/24-26); буғазығача //
тамағына дейін, чығнақығача // шынтағына дейін,
ашуқығача // асығына шейін;
5. Жинақтау, жалпылау сем.: барынча //
барынша (АХ, 181/12-15); барча ишні // барша
ісіңді (МН, В/323-324);
6. Шаманы күшейте, сілтей ауыстыру сем.:
мунча йыл // осынша жыл (АХ, 208/38-39); мунча
йалған // мұнша жалған (МН, А/251-252); анча
ердәмі (ХШ, 74p-34) // сонша жәрдемі; мунча йүз
мің адам (ХШ, 114в-21) // мұнша жүз мың адам;
анча кім кіші (ХШ, 36р-12) // сонша (көп) кісі.
1.
Уақыттың
шегі,
мөлшері сем.: -ша, - ше, -
дай/-
дей,
-тай/-тей
(ағызбағанша,
тартылмағанша,
(бір)
айдай).
2.
Салыстыру (көлем,
форма) сем.: -дай/- дей, -
тай/-тей
(зәредей,
титімдей);
3. Уақыттың созылу шегі
сем.:
дейін,
шейін
(қияметке дейін);
4.
Арақашықтық шегі
семантикасы: дейін, шейін
(беліне дейін, тамағына
шейін, шынтағына дейін,
асығына шейін);
5. Жинақтау, жалпылау
сем.: -ше, -ше (барша,
барынша);
6.
Шаманы
күшейту,
сілтей ауыстыру сем.: -ша,
-ше (мұнша жыл, мұнша
жалған, сонша жәрдем).
134
III МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ (XV–XX ғғ.) ТІЛДІК СИПАТЫ
3.1 Мөлшер категориясының хандық дәуір (XV–XVIII ғғ.) тіліндегі
функционалды-семантикалық өрісі
Хандық дәуір – қазақ тілі дамуының классикалық деңгейін көрсететін кезең.
Әрі түркілік ортақ арнадан оңаша жол салып, жеке ұлттық тіл ретінде ішкі
заңдылығы мен болмысы (буыны) бекіген кезең. М.Мағауин: «Мен болмасам,
менің орныма мендей ғалым туады, ал жыраулар поэзиясының бір жолы
болмаса, бүтін бір тарих ойсырап қалады», – деп тұжырымдағандай, жыраулар
поэзиясының ұлт руханияты үшін құндылығы айрықша. Сондықтан аталмыш
кезеңге тән әрбір тілдік элементті жіті қадағалап, тереңдете зерттеу қажет. Бұл
дәуірде тілдік ізденістердің небір ғажап үлгілері болғаны даусыз. Бірақ
жыраулар поэзиясының халық жадында сақталған аздаған бөлігі сол
ізденістердің кейбірін ғана тануға мүмкіндік береді. Көркем ойлау – тіл
қазынасын ұлғайтатын рухани алаң. Хандық дәуірде тілдің басты ерекшелігі де
тілдің өнер ретінде көркемдік өреде ғана танылуы. Тілдегі көптеген
категориялық ұғымдар көркем ойлаудың нәтижесінде мүлде жаңа сапаға
көтеріледі. Хандық дәуір тілінің көркемдік өлшемі «мөлшер» ұғымының
көркемдік өресін де мейлінше биікке көтерді.
«Қажеттілік – мың өнердің атасы» дейді халық даналығы. Қажеттілік –
тіл өнерінің де атасы. Таным мен тілдік қарым-қатынас үдерісінде түрлі
қажеттіліктерден сан түрлі сапа мен ішкі қасиетке ие тіл бірліктері туады. Бұл
«мөлшер» ұғымына да тән үдеріс. Адамзат заттар мен құбылыстардың мөлшерін
тек ақпараттық қажеттілік үшін анықтамайды. Әрі ұдайы тура мағынаны,
нақты, дәл шаманы білдіре бермейді. Мөлшерлік шамалар рухани, эcтетикалық
қажеттіліктер үшін де анықталады. Осыған орай қалыптасқан мөлшерліктер
образдылықты, бейнелілікті қажет етеді. Кейде өлшеуге мүмкін болмайтын
заттар мен құбылыстардың шамасын ойша бейнелеу, салыстыру, баламалау
арқылы да түсіндіруге болады.
Тіл функционалды әлеуетіне қарай бес түрлі стильде жұмсалатыны белгілі.
Осы бес түрлі стильдің әрбірінде «мөлшер» ұғымының өзіндік үлесі бар. Бес
функционалды стиль түрлерінің қатарында мәні жағынан да, мазмұны жағынан
да ерекше тұрғаны – көркем әдеби стиль.
А.Байтұрсынұлы сөйлеу (шығарма) тілін ақын тілі немесе көрнекі лебіз,
әншейін тіл немесе жалаң (көсе) лебіз деп екі түрлі сапаға бөлетіні белгілі [210,
20 б.]. Ғалымның бұл тұжырымы, теңгенің екі беті сияқты, тілде екі түрлі өң
болатынын түсіндіреді. Әрі тіл бірліктерін шыңдайтын тілдің екі үлкен алаңын
байқатады. Абай тілінің көркемдік қуатын зерттеген академик Р.Сыздық
шығарма тілінің көркемдік қуатын қарастырғанда, көркем шығармадағы
сөздердің автологиялық (автология – тура мағына, металогия – бейнелі
(фигуралды, ауыспалы мағына) мағынасы емес, металогиялық мағынасы жайлы
сөз болу керектігін ескертеді [211, 21 б.].
Мөлшер мәнді тілдік бірліктердің үлкен бөлігін тілдік ерекшелігіне қарай
бейтарап мөлшерлік, поэтикалық мөлшерлік деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
135
Бейтарап мөлшерлік дегеніміз – ешқандай көркемдеуіш амалдарсыз,
экспрессивті-эмоциялық бояусыз зат пен құбылыстардың шамасын, өлшемін,
мөлшерін нақты, тіке сипаттайтын мөлшерліктер. Оған, бір жұтым су, бір түп
ағаш, үлкен тас, алыс жер сияқты сөздер мен синтаксистік құрылымдар
жатады. Ал поэтикалық мөлшерліктер – түрлі көркемдеуіш құралдар арқылы
түзілген, образды, әсерлі, экспрессивті-эмоциялық бояуы бар, баяндауды емес,
бейнелеуге құрылған мөлшерлік бірліктер. Бұл топқа жер қайысқан қол, күн
түбінен жол салу, алты құлаш ақ найза, қарға адым жер, күрек тіс т.б.
мөлшерлік бірліктер жатады.
Осы арада «поэтика» сөзінің мағыналық өрісін де нақты айқындай кету
керек. Поэтика мен өлең тілі немесе поэтика мен қарасөз бір ұғым емес. Поэтика
көркем, бейнелі, образды, экспрессивті-эмоционалдық бояуы қалың тілдік
қолданыстарды білдіреді. Яғни, мәтін қай жанрда берілсе де, айтылмақ ойдың,
ұғымның бейнелі, образды берілуін атайды. Бұл туралы Р.Сыздық: «Поэтикалық
тіл» мен «өлең тілі» деген ұғымдар бір-біріне мүлтіксіз пара-пар емес.
Поэтикалық тіл тек өлең тексінде ғана емес, қарасөзде де, ауызекі сөйлеу
барысында да орын ала алады. «Поэтикалық» деген анықтауыш тіл көркемдігінің,
дәлірек айтсақ, көркемдік үшін қолданыстың биігін, идеалын білдіреді», – дейді
[211, 11 б.]. Демек, поэтика – көркемдік тәсілдер түрлі деңгейде қолданыс тапқан
айшықты тіл. Біз де «поэтика» сөзін өлең мәтіні ретінде емес, «көркем сөз
қолданысы» мағынасында қолданамыз. Жыраулар поэзиясында ойдың
көркемдік сапада берілуі – басты өлшем. Ауызша айтылуы, суырыпсалмалық та
оны көркем тілдің ауызша сөйлеу үлгісіне жақындатады. Сондықтан поэтика,
бұл – көркем тіл.
Қарапайым сөйлеу тілі мен поэтикалық тілдің синтаксистік құрылысы,
лексемалар мен граммемалардың мағыналары бір-бірінен көп өзгешеленеді. Бұл
туралы поэтикалық мәтіндердің синтаксистік ерекшелігін арнайы қарастырған
А.Қ.Таусоғарова былай дейді: «Поэтикалық контекст жекелеген синтаксистік
құрылыстардың грамматикалық, синтаксистік жағынан толымсыздығымен,
синтаксистік
единицалардың өзара
тіркесуінде
логикалық
жағынан
қайшылықтағы құрылымдардың қатысуымен ерекшеленеді» [212, 21 б.]. Ғалым
атап өткендей, поэтикалық мәтінде сөздердің тіркесімі логикалық қайшылықта
болуымен, ырғақтан туатын толымсыз құрылымдардың келуімен ерекшеленеді.
Қарапайым сөйлеу тілінің қуаты сөзжасам тәсілінде жатса, поэтикалық тілдің
қуаты тіркесім тәсілінде жатады. Тіркесім, ол – синтаксис. Тілдің жоғарыда
аталған екі түрлі өңіне екі түрлі синтаксистік құрылым тән. Мұны сөйлеу тілі
синтаксисі және поэтикалық тіл синтаксисі деп ажыратуға болады. Ал
поэтикалық мөлшерліктердің синтаксистік құрылысынан да екі түрлі
ерекшелікті байқауға болады. Біріншісі – қарапайым сөйлеу тілінің синтаксистік
құрылысы, ал екінші түрі қарапайым сөйлеу тілінің синтаксисінен ерекше. Біз
төменде зерттеу нысаны етілген поэтикалық мөлшерліктер осы екі синтаксистік
тәсіл негізінде түзілген тілдік элементтер саналады. Қ.Өмірәлиев: «Поэзия
тілінің грамматикасы мен әдебиет тілінің грамматикасы да бірдей емес. Поэзия
тілі әдебиет тілінде бар жеке морфологиялық формаларды әрі сөйлем түрлерін
қолдануда да одан барынша ерекшеленеді. Яғни поэзияда барлық
136
морфологиялық формалар емес, белгілі бір морфологиялық формалар ғана актив
қолданысқа түседі. Бұлар – поэтикалық реңк алған формалар», – дейді [29, 15 б.].
Ғалым тұжырымдағандай, жыраулар поэзиясы тілін категория аясында сөз
еткенде, тек «мөлшер» ұғымын беруде актив қолданысқа енген грамматикалық
формалар мен тәсілдер, ең басты көркемдік амалдар анықталуы тиіс. Мұнда біз
сөздің тіркесім ерекшелігіне көбірек назар аударамыз.
Сөз мағынасын тудырушы, сөз жасаушы тілдік элемент ретінде жұрнақтар
аталады. Бірақ шын мәнінде мағына, ұғым тудырудың бірегей үлгісі тіркестерде
жатыр. Жұрнақтардың мүмкіндігі жетпейтін семантикалық әлеует тіркесім
тәсілдерінде жатады. Сөздердің тура мағыналары жұрнақтар мен жалғаулардан
туса, ауыспалы, бейнелі, образды мағыналары тіркестерден туады. Сөз тудырып,
атаулап, дербес лексемаларды қалыптастыратын жұрнақтар болса, оған «жан
бітіріп», семантикалық өріс қалыптастыратын – тіркесім тәсілі. Жұрнақтарға
атауыштық қасиет тән болса, тіркестерге функционалдылық тән. Сондықтан
атау жасау (сөзжасам) жұрнақтарға тиесілі қасиет болса, мағына, ұғым жасау
тіркестерге тиесілі қасиет. Белгілі бір сөзге жұрнақ жалғанып, жаңа сөз жасалса,
сол жасалған тура мағыналы сөздің болашағы тіркестерде жатыр. Тіркестер үшін
екі сөздің тіркесуінен туған мағына сол сөздің мағыналық дамуының енді
басталуы, ал оның болашағы алда, әрі оны шексіз деуге болады. Қашан да
жекелеген сөздердің функционалды әлеуетін сөз зергерлері, тілдік тұлғалар
ашады. Демек, «мөлшер» ұғымын білдіретін жекелеген лексемалар да сол сияқты.
Оның «мөлшер» ұғымының небір күрделі, абстрактілі ұғымдарын беру
қабілеттілігі тіркесім тәсілдерінде жатады. Тіпті, осы тіркестер ұзақ уақыт
белгілі «мөлшер» ұғымын тұрақты беру арқылы құрылымы тұрақталып,
лексикаланады. Соның нәтижесінде мөлшерлік фразеологизмдер қалыптасады.
Мысалы, қас қаққанша деген тіркес «өте жылдам уақыт» мөлшерін білдіретін,
әуелде еркін тіркес болып, сосын көркемдік тәсілдер арқылы қалыптасқан
тұрақты құрылымға айналған. Р.Сыздық: «Тегі, поэзия – сөздің бар қабілетін
ашатын, сөз мағынасының небір нәзік қырларын көрсететін майдан», – дейді
[211, 23 б.]. Поэзия – көркем, образды ойлау нәтижесінде мүмкін болатын тұнып
тұрған тосын тіркесімдер. Осы тосын тіркестер кез келген ұғымды бейнелеп,
мағыналап береді.
Мөлшер – функционалды-семантикалық категория, яғни ұғымдық
категория болғандықтан, ол тек бейтарап стильдерде ғана көрініс таппайды,
сонымен қатар көркем мәтіндерде де кеңінен көрініс табады. Тілдік категориялар
тілдің бейтарап стиьлдерінде тіл деңгейлері бойынша өріс құраса, поэтикалық
мәтіндерде образды ұғымдар аясында өріс құрайды. Бұл образды ұғымдар
көркемдік тәсілдер арқылы беріледі. «Мөлшер» ұғымының поэтикалық
мәтіндердегі берілуі эпитет, теңеу, метафора, перифраз, метонимия,
синекдоха т.б. көркемдік тәсілдер арқылы жүзеге асып, функционалды-
семантикалық өріс құрайды. Бұлар бірігіп келіп, «поэтикалық мөлшерлік»
ұғымын негіздейді. Бұл тәсілдердің «мөлшер» ұғымын берудегі өзіндік
ерекшеліктері мен ортақ типтері бар. Аталған ұғым әр тәсіл аясында жеке-жеке
сипаттау үстінде анықталады.
137
Достарыңызбен бөлісу: |