Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет114/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   184
ұлғайған  теңеуге  айналған.  Ұлғайған  теңеулер  көбіне  бір  зат  пен  құбылысты 
мөлшерлік  тұрғыдан  жан-жақты  сипаттау  кезінде немесе  ішкі  мәнін  тереңірек 
көрсету кезінде туатыны байқалады. 
Поэтикалық  мәтіндерде  кездесетін  мөлшер  семантикалы  теңеулерді 
мазмұнына қарай заттық теңеу, қимылдық теңеу деген екі топқа бөлуге болады. 
Заттық  теңеулер  заттар  мен  заттарды  мөлшерлік  тұрғыдан  салыстырса, 
қимылдық 
теңеулер 
заттардың 
қимыл-қозғалысының 
шама-шарқын, 
құбылыстардың сипатын ұқсастыра салыстырады. Мысалы: 
Жатқан жері даладай, 
Екі өркеші баладай, 
Азу тісі қаладай, 
Жабуы жамшыдай, 
Құйрығы қамшыдай 
Бура сойған не сұмдық! 
(Үмбетей жырау, Бәкеге, 73 б.).
 
Толғауда қатар берілген теңеулер – заттық теңеулер. Мұнда жер (жатқан) 
мен дала (аудан), өркеш пен бала, тіс пен қала, жабу мен жамшы, құйрық пен 
қамшы сыртқы пішіні, көлемі жағынан салыстырылған. Заттық теңеулердің өзі 
әртүрлі. Соның ішінде сыртқы пішінге, көлем, салмақ, қашықтыққа байланысты 
теңеулер  жиі  кездеседі.  Заттай  теңеулер  кейде    бір  бүтін  заттың  бір  бөлшегін 
екінші  затпен  салыстыра  теңейді.  Мұндай  теңеулі  тіркестердің  бағыныңқы 
компоненті (теңелетін зат) ұдайы тәуелдік жалғауының үшінші жағында келеді. 
Мысалы, екі өркеші баладай, азу тісі қаладай.  
Табиғаттағы  ұқсастық,  шамаластық  заттардың  заттық  пішінімен  қатар, 
қимыл-қозғалыс шамасында да болады. Сондықтан «мөлшер» ұғымы да қимыл-
әрекет  мөлшерінің  ұқсастық  белгісіне  қарай  да  сипатталады.  Қимыл  мәнді 
теңеулер қандай да бір қимыл-әрекеттің, құбылыстың мөлшерін екінші қимыл-
құбылыспен салыстыра, шамаластыра көрсетеді. Мысалы:  
Екі арыстан жау шапса, 
Оқ қылқандай шаншылса, 
Қан жусандай егілсе, 
Аққан судай төгілсе... 
(Доспамбет жырау, Қоғалы көлдер, қом сулар, 31 б.).
 
Мұнда  қан,  жусан,  су  ұғымдарына  тән  белгілі  қимыл-қозғалыстар  өзара 
ұқсас  нысандар  ретінде  таңдалады.  Нақтырақ  айтқанда,  қанның  ағуы  мен 
жусанның бүрінің бордай үгілуі, қанның ағуы мен судың ағуы ұқсас, шамалас 
қимылдық  процестер  ретінде  сипатталған.  Бұл  тіркестер  ұқсастық 
семантикасымен қатар, қанның «тоқтаусыз көп ағу» семантикасын да білдіреді. 
Ал, қан жусандай егілу тіркесі «егіле жылау» тіркесіндегі күйреген, күйзелген 
көңілдің  көзінен  парлап  аққан  жас  семантикасын  білдіреді.  Күздігүні  піскен 
жусанның  басы  немесе  бүрі  қол  тигізбей  үгіледі.  Бұл  образды  түрде 


146 
 
метафораланып,  қанның  саулап  ағуымен  салыстырылған.  Әрі  қанның  басқа 
заттарға емес, тек жусанға салыстырылуында үлкен менталды мән жатса керек. 
Яғни қазақтың туған жерге деген сағынышының, дарқан даласының баламасына 
айналған  жусан  –  киелі  ұғым.  Жусанның  исі  мен  қасиеті  қазақ  баласының, 
әсіресе  ел  үшін  еңіреген  ерлердің  жүрегіне  терең  сіңген.  Сондықтан  бұл 
салыстыру «туған жер үшін қан кешу» ұғымын да білдіріп тұрғандай.  
Деректі  зат  есімдермен  қатар,  кейбір  дерексіз  заттық  ұғымдар  да 
мөлшерленеді.  Дерексіз  ұғымдар  немесе  дерексіз  зат  есімдер  атауыштық 
мағынамен  қатар,  сол  заттық  ұғымға  тән  қасиеттерді,  сапаларды  түгел 
жинақтаған  категориялы  ұғым  саналады.  Мысалы,  ерлік  десек,  белгілі  тарихи 
кезеңде  қандай  істер  ерлік  саналса,  бұл  сөз  соның бәрін  қамтиды.  Ал  осы  сөз 
арқылы  көрініс  тапқан  «ерлік»  ұғымының  да  түрліше  сипаттары  болады.  Сол 
сипаттар  қажетіне  қарай  табиғаттағы  оған  ұқсас  заттармен  теңестіріледі, 
салыстырылады.  Нәтижесінде  дерексіз  ұғымдардың  сапалық  мөлшері,  деңгейі 
көз алдыға елестеп, нақты, бейнелі шама қалыптасады. Жыраулар поэзиясында 
бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Мысалы:  
Менің ерлігімді сұрасаң, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет