Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет117/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   184
Құм төбедей үйілді
 (Бұқар жырау, Қалданменен ұрысып, 98 б.).
 
Толғауда  Абылайдың  шартараптан  жиылған  айбынды  батырлары  құм 
төбеге  ұқсатылып  отыр.  Яғни  құмның  заттық  (көптік)  және  қозғалыс  қасиеті 
батырларға  көшіріліп,  біртұтас  образды  ұғым  ретінде  берілген.  Мысалдағы 
толғаудың әр тармағы өзінше лексика-грамматикалық қызмет атқара келіп, «көп 
батыр»  деген  ортақ  ұғымды  білдіріп  тұр.  Мұнда  батырлар  санының  көптігі 
құмның  заттық  пішіні  арқылы  берілсе,  көп  батырдың бір  жерге  жиылуы  жан-
жақтан  жел  айдап,  бір  төбеге  жиылған  құмның  қозғалыс  әрекетімен 
ұқсастырылып отыр. Міне, теңеу тәсілінің осындай нәзік құрылымдары ойдағы 
«мөлшер» ұғымын айшықты, сәтті бере білген.  
Кейде әлденеше теңеулер шоғыры бір ғана мөлшерлік семантиканы білдіру 
үшін  жұмсалады.  Өйткені  кейбір  үлкен  ұғымдар  көптеген  ұғымдық 
бөлшектерден  құралады  да,  оның  мазмұны  бір  ғана  теңеумен  ашылмайды. 
Мұндайда,  бәрін  болмаса  да,  оны  құраушы  басты-басты  бөлшектер  нысана 
етіледі. Сонда ғана ол жан-жақты сипатталған, айшықты, ажарлы ұғым ретінде 
танылады. Мысалы: 
Қарғадай мынау Қазтуған 
Батыр болып туған жұрт... 
...Жарлысы мен байы тең 
Жабысы мен тайы тең, 
Жары менен сайы тең, 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай,  
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған... 
...Қайырлы болсын сіздерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт  
(Қазтуған жырау, Алаң да алаң, алаң жұрт, 29 б.).
 
Көріп отырғанымыздай, толғауда әлденеше теңеулер, салыстырулар іркес-
тіркес айтыла келіп, бір ғана «туған жер, ырысты мекен» ұғымын айшықтай түсу 
үшін қолданылған. Берілу жолдарының өзі әртүрлі: бірде екі зат сыртқы пішіні, 
көлемі  тұрғысынан  салыстырылса,  енді  бірде  материалдық,  әлеуметтік  күйі 
тұрғысынан  ұқсатылған,  ал  ендігі  бір  тобы  қимыл-қозғалысы  шамалас,  ұқсас 
нысан  ретінде  алынған.  Соған  қарамастан,  бәрі  де  бір  ұғымды  әр  қырынан 
толықтырып тұр. Бұл туралы Р.Сыздық: «Осы бір  «қайран жұрттың» қасиетін 
суреттеу  үшін  жай  тайлақ  емес,  жабағылы  жас  тайлақтың  жардай  атан 
болуын,  жай  тоқты  емес,  жатып  қалған  бір  тоқтының  өсіп-өнуіне  қолайлы 
жағдайы бар – суы мол, шүйгіні қалың мекен екенін айту үшін қажет болып тұр» 
[211, 28 б.]. Ғалым тұжырымдағандай, бұл – «ырысты мекен» мөлшер ұғымын 
сипаттау үшін автор таңдалған тілдік тәсілдер.  
Тағы бір айта кететіні, салыстыру, теңеу ұғымдары  -дай, -дей, -тай, -тей 
қосымшалары арқылы ғана берілмейді, кейде өзге де арнайы лексемалар, тіпті 
тұтас грамматикалық құрылымдар арқылы да беріледі. Солардың бірі  – «тең» 
сөзі. Толғауда мен шылауы екі сөзді байланыстыру қызметін атқарса, тең сөзі 
екі  нысанды  түрлі  шамалық  белгілеріне  қарай  салыстыру  қызметін  мүлтіксіз 
атқарған.  


150 
 
Кейбір  теңеулердің  жасалу  құрылымы  күрделі  келеді.  Мұнда  бір  сөзге 
бірнеше  грамматикалық  бірліктер  қатар  үстелгенде,  ол  сөздің  мағынасы 
тереңдей, күрделілене түседі. Бұл өз кезегінде сол сөзге тән көркемдік тәсілдерді 
ажыратуға  қиындық  тудырады.  Жыраулар  поэзиясында  -дай,  -дей  тұлғалы 
сөздер  тәуелдік  жалғауының  бірінші  жағындағы  қатыстық  сын  есімдерді 
анықтап келетін тіркестер бар. Мысалы: 
Ойнай басқан аяқтым, 
От орнындай тұяқтым,  
Қиғаш қамыс құлақтым, 
Саптыаяқтай еріндім, 
Сарымсақтай азулым, 
Сауырысын кере жараған,  
Кекілін қыздай тараған, 
Тостаған көзді торыны, 
Топ тарқамай мін-сана 
(Үмбетей жырай, Мінген атың айтамын).
 
Мұнда  қатыстық  сын  есімдердің  тәуелдеулі  түрі  сол  түрдегі  нәрсенің 
молдығын, барлығын білдірсе, екіншіден, сол нәрсенің тиесілі екенін білдіреді. 
Міне,  осы  жерден  екі  түрлі  көркемдік  тәсілге  ұқсастық  туады.  Бірі  –  теңеу, 
екіншісі  –  метафора.  Теңеу  болатыны  екі  заттық  нысан  -дай,  -дей,  -тай,  -тей 
жұрнағы  арқылы  салыстырылып  тұр.  Ал  метафора  болатыны,  сол  затқа  тән 
қасиет  оның  басты  белгісі  ретінде  екінші  атауы  сияқтанып  келеді.  Яғни 
синекдохаға  ұқсайды.  Мұндай  грамматикалық  формадағы  теңеулерді 
Қ.Өмірәлиев  «жаңа  тұрпаттағы  метафора»  деп  атайды  [29,  236  б.].  Әдетте 
теңеулер  көбіне  бұл  синтаксистік  қатынасқа  керісінше  келеді.  Яғни 
сарымсақтай  еріндім  емес,  еріні  сарымсақтай  формасында  келеді.  Және  бұл 
құрылымда  ауыспалы  мағына  жоқ,  тек  образды  мағына  бар.  Бірақ  біз  бұл 
құрылымды  бір  затты  бөгде  бір  затқа  теңемей,  керісінше,  бір  бүтін  заттың 
(тұлпардың) 
ішкі 
құрылымдарын 
(мүше) 
басқа 
заттарға 
теңей 
анықтайтындықтан  теңеу  тобына  жатқызамыз.  Мұнда  тұлпардың  ерні  мен 
саптаяқ, от орны мен тұяқсарымсақ пен азу тіс көлемі, пішіні, ауданы жағынан 
өзара  салыстырылған.  Сондықтан  бұл  да  «мөлшер»  ұғымын  образды  түрде 
берудің бір тәсіліне жатады.  
Қорыта  келгенде,  поэтикалық  мәтіндерде  теңеу  арқылы  берілген  түрлі 
«мөлшерлік»  ұғымдар  көптеп  кездеседі.  Мөлшерлік  теңеулер  екі  нысан  ұқсас 
белгілері  негізінде  салыстырылады  немесе  теңеледі  де,  заттар  мен 
құбылыстардың  мөлшерлік  мәні  туралы  бейнелі  ұғым  жасайды.  Теңеулер  кез 
келген нысан жайлы суретті форманы көз алдымызға әкеліп, санада олар туралы 
дәл,  нақты,  әсерлі,  бейнелі  «мөлшерлік»  ұғым  қалыптастырады.  Тілдің  бұл 
көркемдеуіш  құралын  да  жыраулар  поэзиясы  барынша  терең  сезінген.  Теңеу 
тәсілі  XVXVIII  ғасырлардағы  жыраулар  поэзиясында  сөзге  қарымды  қуат, 
алапат  ажар  бітіретін,  образ  жасап,  экспрессия  тудырудың  ең  өткір  тәсіліне 
айналған.  Тұтас  теңеу  тәсілінің  өзі  «мөлшер»  ұғымының  меншікті  тәсіліне 
айналған.  
 
 
 


151 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет