Маралбек ермұхамет


)  Тіларалық  салыстырмалы  зерттеулер



Pdf көрінісі
бет23/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

2)  Тіларалық  салыстырмалы  зерттеулер.  Тарихи-салыстырмалы, 
салыстырмалы-тарихи,  салғастырмалы-тарихи  әдістер  –  тіл  біліміндегі 
дәстүрлі  әдістер.  Бұлардың  көмегімен  белгілі  бір  тілдің  синхронды  және 
диахронды  бірліктері,  тілдің  қазіргі  қалпы  мен  тарихи  кезеңдері,  тілдердің 
туыстығы  мен  ұқсас  құбылыстардың  мәні  туыс  емес  өзге  тілдік  деректерімен 
салыстырыла зерттелетіні белгілі. Аталған әдіс мөлшер мәнді тілдік бірліктерді 
зерттеуге  де  қолданылды.  Қазірге  дейін  қазақ  тіліндегі  мөлшер  мәнді  тілдік 
бірліктер ағылшын, қытай, орыс, түрік тілдерімен салыстырыла қарастырылды. 
Бұл бағыттағы басты-басты зерттеулер мыналары:  
О.С.Караджа  «Түркі  тілдеріндегі  нумеративті  сөз  тіркестері  (қазақ-түрік 
тілдері негізінде)» атты кандидаттық диссертациясында қазақ-түрік тілдеріндегі 
өлшемдік  мәндегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  «нумератив»  деп  атай  келіп, 
салыстырмалы  түрде  зерттейді.  Аталмыш  сөздерді:  1)  салмақ;  2)  сұйықтық; 3) 
жер көлемі, ұзындық, биіктік және қашықтық; 4) уақыт-мезгіл; 5) құн-ақша; 6) 
дүркіндік;  7)  дана;  8)  түрлі  деп  сегіз  топқа  бөліп,  құрылымдық,  семантикалық 
талдаулар  жасайды.  Сондай-ақ  бесін,  екінді,  сәске,  таң  сияқты  сөздердің 
нумеративті сөздер емес, олар уақыт кезеңдерін білдіретін сөздер екенін айтады  
[122, 24-25 бб.].     
Г.А.Сарбасова  «Қазақ  және  түрік  тілдеріндегі  халықтық  өлшем 
атауларының 
этнолингвистикалық 
сипаты» 
атты 
кандидаттық 
диссертациясында  қазақ  және  түрік  тілдеріндегі  мөлшерге,  ақша  өлшеміне 
қатысты  тілдік  бірліктер  салыстырыла  талданып,  ұқсастықтары  мен 
өзгешеліктері,  қолданылу  ерекшеліктері  көрсетіледі.  Сондай-ақ  өлшемге 
қатысты  кейбір  сөздердің  танымдық,  этимологиялық  қырларын  біршама  сөз 
етеді.  Қазақ-түрік  тілдеріндегі  халықтық  өлшем  бірліктерді:  «1)  уақытты 
білдіретін  өлшем  атаулары;  2)  салмақ-көлем  өлшем  атаулары;  3)  ұзындықты 
білдіретін  өлшем  атаулары;  4)  қашықтық  пен  жақындықты  білдіретін  өлшем 
атаулары»– деп төрт үлкен семантикалық топқа бөліп қарастырады [123, 12 б.].  
Ә.К.Тоқтанова «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік, өлшемге 
негізделген  фразеологизмдерге  ұйытқы  болған  сөздер»  мақаласында  қазақ 
тіліндегі  кейбір  фразеологизмдерге  ұйытқы  болатын  тірек  сөздер  дене  мүше 
атаулары екенін айта келіп, олардың қатарына көз, иек, ауыз, аяқ, қабақ сөздерін 
жатқызады. Одан әрі қарай аталған сөздердің қатысуымен жасалған тіркестерге 
талдау  жасайды.  Уақыт,  кеңістік  өлшеміне  қатысты  фразеологизмдердің 
жасалуына  ұйытқы  болған  сөздерді  екі  топқа  бөле  отырып,  ағылшын  тілімен 
салыстырады. Мұның бірі – есептік сан есімдер (бір, екі, үш, бес, жеті), екіншісі 
– жан-жануар атаулары (құлан, қозы, ит, түйе). Ал «мөлшер» ұғымын білдіретін 
фразеологизмдердің  ағылшын  тілінде  жасалу,  берілу  жолдарын  төрт  топқа 


26 
 
бөледі.  Олар:  сан  есімдер  ұйытқы  болған  фразеологизмдер,  «уақыт»  сөзінің 
қатысымен  жасалған  фразеологизмдер,  уақытқа  байланысты  айтылған 
тұрақты  тіркестер,  өлшем  мен  кеңістікке  байланысты  фразеологизмдер
Зерттеуші осы ұғымдарды екі тілде де бірдей айтылатын фразеологизмдермен 
талдап көрсетеді [124, 206 б.].  
Р.Б.Джельдбаева  «Мөлшерлік  ұғымды  білдіретін  сөздердің  қытай  және 
қазақ тілдеріндегі валенттік-дистрибутивтік заңдылықтары» атты кандидаттық 
диссертациясында  қытай    және  қазақ  тілдеріндегі    мөлшер  мәнді  сөздердің 
лексикалық-семантикалық  ерекшеліктері  және  өзара  ұқсастықтары  мен 
өзгешеліктері  қарастырды.  Сондай-ақ  қытай  тіліндегі  мөлшер  сөздердің 
қалыптасу, даму жолдарын және олардың дербес сөз табы ретінде танылуының 
ғылыми  ұстанымдарын,  мөлшер  сөздердің  синтагмадағы  валенттік  қызметін 
қарастырды  [125].  Зерттеуші  мөлшер  мәнді  тілдік  бірліктердің  ұдайы  күрделі 
құрамда  келетіні,  оны  тіркестен  бөле  қарастырмау  керектігін  байқаған.  Бұл 
туралы былай дейді: «Сан-мөлшер сөздердің сөз тіркесін жасауы деп, сөйлемде 
сан-мөлшер сөзі жалғыз келмей, негізгі толық мағыналы сөзбен тіркесіп келуін 
айтамыз. Мөлшер сөздер сан есіммен, сілтеу есімдіктерімен бірігіп, сан-мөлшер 
сөзді сөз тіркесін жасайды. Мөлшер сөзге сан есім қосу конструкциясынан «шу 
лиаң дуан үй – сан мөлшер сөз тіркесін» жасайды» [126, 60 б.]. Сонымен қатар 
мөлшер  сөздердің  синтаксистік  қызметін  екі  тілде  салыстыра  көрсетеді. 
Автордың  айтуынша,  аталмыш  сөздер  сөйлемде  бастауыш,  баяндауыш, 
анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыштық  қызмет  атқарады.  Әрі  сан  есімдер 
мен  мөлшер  сөздердің  тіркесу  жолдарын  төрт  түрге  бөледі.  Десе  де  автордың 
мөлшер  сөздердің  синтаксистік  қызметі  жайлы  тұжырымдарында  ағаттықтар 
кездеседі. Өйткені мөлшерліктер сөйлемде затқа анықтауыш, қимылға мөлшер 
пысықтауыш  қана  бола  алады.  Бұдан  басқа  синтаксистік  қызметі  зат  есімнің 
синтетикалық формалары жалғанып, заттанғанда, яғни мөлшер сөз емес, өзге сөз 
табына ауысқанда туады. 
Тіларалық  салыстырмалы  зерттеулер  көптілділікті  талап  ететін,  қиын  да 
күрделі  жұмыс  болғандықтан,  бұл  салада  жазылған  жұмыстардың  саны  шекті 
болатыны  заңды.  Алайда  осы  аздаған  жұмыстардың  өзі  жалпы  «мөлшер» 
ұғымының, мөлшер мәнді тілдік бірліктердің тіл-тілдердің бәріне тән құбылыс 
екенін танытуға жеткілікті материал бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет