31
жоспарланған. Екінші, үшінші бөлімінде қазақ тілі мен орыс тіліндегі сан-
мөлшер категориясын салыстыра зерттелу мақсат етілгенмен, жарық көрмеген.
Бұл туралы кітаптың кіріспе мазмұнында баяндалады. Дегенмен, аталған еңбек
қазақ тіліндегі мөлшер категориясын зерттеуде теориялық негіз бола алады.
З.Қ.Ахметжанова мөлшер категориясын «зонтичная категория» деп атайды.
Ғалым өзінің «Принципы сопоставительного
функционального исследования
казахского и русского языков» докторлық диссертациясы [141] мен
«Функционально-семантические поля русского и казахского языков» [20],
«Сопоставительное языкознание: казахский и русский языки» [142]
еңбектерінде қазақ тілі мен орыс тілі материалдарын салыстыра отырып, қазіргі
қазақ лингвистикасында қарқынды дамыған
функционалды грамматиканың
негізгі ұстанымдары мен теориялық негізін қалыптастырды.
Қазіргі қазақ лингвистикасында мөлшер категориясын сан-мөлшер
категориясы деп беру біршама қалыптасқан. «Сан-мөлшер категория» терминін
ұсынған ғалым – С.Исаев. Ол өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі
грамматикалық ұғымдар» атты монографиясында мұны арнайы тақырып
көлемінде сөз етеді. Еңбекте көптік категориясын сан-мөлшер категориясы дей
келіп, зат есімнің көптік жалғау категориясы мен көптік категориясының
айырмашылықтарына тоқталады. Мұның алғашқысын
жалқы ұғым деп білсе,
соңғысын
жалпы ұғым деп таниды да, осы жалпы ұғымды сан-мөлшер
категориясы ретінде таниды. Бұдан әрі «көптік» ұғымды берудің тәсілдері,
көптік жалғауының басқа да мағыналары, синтагмадағы қызметі туралы нақты
мысалдармен ғылыми талдау жасалады [143, 58-64 бб.]. С.Исаевтің түсінігіндегі
сан-мөлшер категориясы ол «мөлшер» ұғымы (категориясы) емес, керісінше,
«санның мөлшері» деген мағынаға келеді, яғни көптік категория.
Белгілі ғалым Б.Момынова да «Қазақ тілінің морфологиясы» еңбегінде (оқу
құралы) көптік категорияны грамматикалық категориялардың бірі ретінде
арнайы қарастырады. Ғалым көптік категориясын жалпытілдік категория ретінде
алып, оның «жекелік», «көптік» ұғымдарын өз алдына дербес категория ретінде
алуға болатынын айтады. Сонымен қатар аталған категорияның тіресім
құрайтын бұл екі түрінен бөлек, санскрит, ежелгі орыс тілдерінде
екілік тұлға
Достарыңызбен бөлісу: