Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет31/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Мөлшер,  ол  –  норма  (лат. norma –  дословно  «наугольник»,  переносное 
значение – «правило»). Норманы қазақ тілінде қалып, шама, шек, мөлшер сынды 
бірнеше  атаулармен  беруге  болады.  «Мөлшер»  ұғымына  алғаш  рет  анықтама 
берген Аристотель оны шама, өлшем ұғымдарымен байланыстырады. Ол туралы 
былай  дейді:  «Количеством  называется  то,  что  может  быть  разделено  на 
составные части, каждая из которых, будет ли их две или несколько, является 
чем-то одним, данным налицо. То или другое количество есть множество, если 
его можно счесть, и величина, если его можно измерить», – деп анықтама берді 
[34, с. 173]. Мұнда философ мөлшердің нақтылық, есептік сипатына баса назар 
аударған.  Норма  –  кез  келген  қажетті  шаманың  жеткілікті  мөлшері.  Нормада 
жеткіліктілік, қажеттілік басты уәж. Ал өлшем (стандарт) қажеттілік емес,  
ол – міндеттілік. Мысалы, судың қайнауы үшін жылулық мөлшерін 100 ℃ -қа 
дейін көтеру жеткілікті. Бұл – норма, ешқандай да стандарт емес.  Норманың 
нақты  мөлшерді  де,  нақты  мөлшерге  жақын  болжалды  мөлшерді  де  білдіруі 
мүмкін. Мысалы,  қалыпты  ересек  ер  адам 50-100  кг-ға  дейін  салмақты көтере 
алады. Бұл жалпы ер адамдарға ортақ орташа норма. Дене қуаты мығым кейбір 


38 
 
ер адамдар одан да көбірек көтере алуы мүмкін. Бұлар әр адамның қуатына қарай 
анықталатын    жалпылама  болжалды  нормалар.  Ал  ауыратлеттердің  әрбірінің 
көтере алатын нақты салмағы бар (Илья Ильин – 243 кг). Бұл тұста норма нақты 
сандық  мәнді  көрсетеді.  Норма  кез  келген  зат  пен  құбылыстың  бойында  бар 
мүмкіндікті  де  көрсетеді.  Жанды-жансыз  заттардың  физикалық  мүмкіндігі, 
биологиялық  күшінің  іс-әрекетке  қабілеттілік  шегін,  әрі  материалдық  және 
механикалық  қажеттіліктің  деңгейін  білдіреді.  Мысалы,  кез  келген 
қозғалтқыштар белгілі қажетті күшке лайықталып жасалады және оның жұмыс 
істеу мерзімінің уақытпен, қашықтықпен өлшенген шегі бар. Қозғалтқышқа өз 
мүмкіндігінен  артық  күш  түсірілгенде  немесе  өзінің  белгіленген  жұмысқа 
жарамдылық  мерзімі  аяқталғанда  жұмыс  істеу  механизмдері  істен  шығады. 
Ойша немесе нақты түрде бағамдалған мұндай мөлшер – шама деп те аталады. 
Қазақ  тілінде  шамадан  тыс,  шектен  тыс,  қалыптан  тыс  деген  тілдік 
қолданыстардың  бары  белгілі.  Бұл  кез  келген  зат  пен  іс-әрекеттің  өз 
мүмкіндігінен, қалыптасқан межеден тыс деген ұғымды білдіреді.  
Норма  кейде  рұқсат  етілген  орташа  мән  ұғымдарын  да  білдіреді.  Сол 
белгіленген шектен шықса, зат қалыпты қызметін жоғалтуы, өзіне тән қасиеттен 
не сападан айырылуы мүмкін. Мысалы, әр адамның өзіне тән тамақтану, ұйықтау, 
жұмыс істеу, т.б. нормасы бар, қарағайдың желге төзімділік күшінің шегі бар, 
тастың  соққыға  төзімділік  қуаты  бар,  т.б.  Мұндай  норма  түрлі  факторлардың 
ортақ  әсерінен  қалыптасқан.  Сондықтан  оны  өзгерту  біршама  қиындық 
тудырады. Қазақта «Қаз тырнаның жүрісін саламын деп бұты айырылыпты» 
деген  мәтел  бар.  Бұл  шамасын  білмей,  нормадан  тыс  жасалған  іс-әрекет  пен 
қадамның тап болатын трагедиясын көрсететін нақыл. Ал тағы бір мақалында 
«бетегеден биік бол, жусаннан аласа бол» дейді. Бұл әр нәрседе шектен шықпа, 
әр істе қалыпты межені өлшем ет дегенді білдіреді. Жоғарыдағы мысалдардан 
норма зат пен құбылыстың ішкі қасиетіне көбірек бағытталтынын көруге болады. 
Демек, норма – қалып, шама, шек. Сондықтан «мөлшер» ұғымының нормалық 
сипатына тән басты қасиет – шектілік. 
Мөлшер,  ол  –  симметрия.  Табиғаттағы  барлық  заттарда  қандай  да  бір 
мөлшер  болғанымен,  ол  тәртіпсіз  шамалардың  жиынтығы  емес.  Ол  –  белгілі 
үйлесімділікке  құрылған  және  үйлесімділікпен  өмір  сүретін  мөлшерлік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет