Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет45/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

болсар  үзгүлүк  алп  ерміс  (Тон.,  14)  //  Жіңішке  жуандаса  үзетін  алып  болар
Мұнда мөлшер мағынасы «көлем» ұғымы аясында беріліп, ол адамның сыртқы 
тұлғасына  қатысты  алынған.  Әр  заманда  санада  адамдарының  дене  тұрқына 
(үлкен/кішілігіне),  басқа  да  заттар  мен  құбылыстарға  байланысты  белгілі 
мөлшерлік  меже  қалыптасады.  Сол  орталық  меже  шамаларды  анықтаушы, 
«көлем»  ұғымын  тіресімдік  мағыналарға  ажыратушы  құралға  айналады. 
Мысалы:  Алып  ер  бізіңе  тегміш  ерті,  антағ  өдке  өкүнүп,  Күлтегініг  аз  ерін 
іртүрү ытымыз, улуғ сүңүш сүңүшміш (КТү., 40) // Алып ерлер бізге тиісті, сол 
кезде өкініп, Күлтегінді аз ермен шабуылға жібердік, үлкен соғыс жасады.  
Үзіндіде улуғ (сүңүш) сөзі үлкен (соғыс) деген мағынада қолданылған. Яғни  
соғыстың  кеңістіктегі  таралу  аймағының  кеңдігі,  қатысқан  әскер  санының 
көптігі, соғыс зардабының ауырлығы  сынды бірнеше мөлшерлік мағыналар бір 
сөзге сыйып тұр. Көне түркі тілінде улуғ сөзі бұдан басқа да көптеген мағынада 
қолданылған. Айталық, көптік, жастың үлкендігі, соғыстың үлкендігі, ұлылық, 
биліктің  үлкен,  туыстық  қатынастағы  үлкендік  т.б.  Аталған  мағыналардың 
бәрі де «мөлшер» ұғымының семантикалық өрісіне жатады.  
Көне  түркі  тілінде  «уақыт»  ұғымы  да  лексикалық  деңгейде  беріледі. 
Ескерткіштерде «уақыт» ұғымын білдіретін өзүң узун болзун // өзің ұзақ жаса, 
узун // ұзақ, беңгү // мәңгі (4 рет) сөздері кездеседі. Мұнда узун (ұзын) сөзі тура 
мағынасында деректі заттарға байланысты қолданылып, «қашықтық» (ұзындық) 
ұғымын білдіреді. Алайда ескерткіштер мәтінінде «уақыт» ұғымына да қатысты 
қолданылған.  Яғни  адам  өміріне  байланысты  биологиялық  уақыттың 
созылыңқылығын бірдіре келіп, ауыспалы мағынада жұмсалып тұр. Қазіргі қазақ 
тілінде бұл контексте ұзақ (жасы ұзақ, өмірі ұзақ) сөзі қолданылатыны белгілі. 
Олай болса, қазақ тіліндегі ұзын сөзінің ұмытылған тағы бір мағынасы – адам 


56 
 
өмір  жасына  байланысты  қолданылып,  «уақыт»  ұғымының  созылыңқылығын 
білдіру.  Дәстүрлі  қазақ  танымында  «уақыт»  ұғымы  қашан  да  деректі  заттар 
арқылы метафораланып, ұзындық/қысқалық ұғымы арқылы беріледі. Замананы 
ұзын шұбалған көшке, қамшының, балтаның сабына теңеуі соның нақты көрінісі. 
Міне, бұл – ескі түркі танымы мен қазақ танымының сабақтастығын білдіретін 
нақты семантикалық тұтастықтар. 
«Уақыт  мөлшері»  ұғымын  білдіретін,  көне  түркі  заманында-ақ  үлкен 
концепцияға  айналған  сөздің  бірі  –  беңгу.  Қазақ  тілінде  мәңгі  сөзформасы 
түрінде  келетін  бұл  сөз  уақыттың  мейлінше  шексіздік  мөлшерін  білдіреді. 
«Күлтегін  кіші  жазуында»  әлденеше  рет  кездеседі.  Мысалы:  Өтүкен  йыш 
олурсар,  беңгү  іл  тута  олуртачсен  (КТк.,  8)  //  Өтүкен  қойнауында  отырсаң, 
мәңгі елдігіңді сақтайсың сен /сонда/; Неңнең сабым ерсер, беңгү ташқа уртым 
(КТк., 11) // айтар сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым
Түркілер  елдіктің  ғұмырын  мәңгілік  уақытпен  өлшейді  (армандайды).  Ал 
елдіктің  өсиетін  тозбас  мәңгі  тас  ұғымы  арқылы  береді.  Беңгу  сөзінің  уақыт 
мөлшеріне мынадай болжам жасауға болады: ұзақ уақыт, дүниенің соңғы сәті, 
екі  шексіздік  –  уақыт  пен  кеңістіктің  соңы  (шегі).  Түркілердің  Еуразия 
кеңістігіндегі  күресінің  ең  басты  өлшемдерінің  бірі  –  жер  бетінде  мәңгілік 
үстемдік құру. Демек, түркілердің ең басты арманы да «мөлшер» (уақыт) ұғымы 
арқылы  құрылымданады.  Көне  түркі  тіліндегі  сын  есім  сөздерінің 
көпмағыналылығы «мөлшер» ұғымы аясында да нақты көрініс табады.  
2. Ескерткіштерде «мөлшер» ұғымы сан есімдер арқылы да беріледі. Жеке 
тұрғанда емес, анықтауыш компонент ретінде өзге атауыш сөздермен тіркесіп 
келгенде  ғана  заттардың  «сандық  мөлшері»  ұғымын  білдіреді.  «Мөлшер» 
ұғымын берудің бұл тәсілін М.Томанов көптік мағына шеңберінде қарастырады 
да,  синтаксистік  әдіспен  жасалған  көптік  мағыналар  деп  береді.  Одан  әрі 
көптік мағына берудің синтаксистік тәсілін өз ішінен тағы үш түрге бөледі [26, 
71 б.]. Біздің ойымызша, заттардың сандық шамасын білдіретін мұндай сан есім 
тіркестерін синтаксистік деңгейде қарастырғаны – құптарлық. Сондықтан біз де 
мұндай тәсілмен жасалған тілдік бірліктерді «сандық мөлшер» ұғымы аясында 
қарастыра келіп, оның нақты сандық мөлшер, болжалды сандық мөлшер деген 
екі  мағыналық  тобын  ажыратамыз.  Сандық  мөлшер  дегеніміз  –  заттар  мен 
құбылыстардың сан арқылы анықталған шамасы (есебі).  
Олай болса, көне түркі ескерткіштерінде нақты сандық мөлшерді білдіретін 
мынадай сан есімді тіркестер кездеседі: ар біс йүз...кедімліг йадағ (МЧ, 33) // бес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет