Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет44/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

(оппозиция) ұғымдары аясында құрылымданады. «Қашықтық» жазықтықтағы 
және кеңістіктегі кез келген екі нүктенің арақашықтық мәнін білдіретіні белгілі. 
Олай болса, ескерткіштерде «қашықтық» ұғымы көлденең және тік бағыттарды 
құрайды. Йағуқ // жақын, ырақ //жырақ сөздері көлденең бағытты қашықтықты 
білдірсе, иуйқа // жұқа, йуйқа қалын // жұқа қалыңдаса,  узун (тонлығ) // ұзын 
(киімді), кічіг // кішкене сөздері тік бағытты қашықтықты білдіреді. Алайда бұл 
сөздердің  көне  түркі  тіліндегі  қолданысы  кейде  бұған  керісінше  бағытта  да 
болуы мүмкін. Дегенмен ескерткіштерде кездесетіні – осы. Аталған лексемалар 
нақты заттардың ұзындық/қысқалық, алыс/жақындық мәнін білдіргенімен, бәрі 
жалпылама  «қашықтық»  ұғымы  саналады.  Бұл  «қашықтық»  ұғымдарында  сол 
заманға (VII–VIII ғғ.) сай қалыптасқан ортақ мөлшерлік меже бар. Жер бетіндегі, 
кеңістіктегі немесе қандай да бір заттағы ұзындық шаманың мөлшері сол ұғым 
негізінде  алыс/жақын  тіресімдеріне  бөлінеді  де,  құрылымданып,    қашықтық 
семантикасына ие болады. Мысалы: Анта аңығ кісі анча бошғурур ерміс, ырақ 
ерсер йаблақ ағы бірүр, йағуқ ерсер, едгү ағы бірүр-тір, анча бошғурур ерміс. 
Біліг білмез кісі ол сабығ алып, йағру барығ, үкүш кісі өлтіг (КТк., 7) // Сонда өш 
адамдар былай сендірген еді: «жырақ болса, жаман сыйлық берер, жақын болса, 
игі сыйлық берер»,  деп. Осылай сендірген еді. Білімсіз кісілер сол сөзге сеніп 
маңына барып, көп кісі өлді. Мәтіндегі  ырақ, йағуқ сөздері көлденең бағытты 
«қашықтық»  ұғымын  білдіреді.  Яғни  қытайлар  мен  түркілер  қонысының 
(астанасының)  арақашықтығы  «жақын-алыс»  ұғымдар  арқылы  сипатталған. 
Мұндағы  «қашықтық»  ұғымы  тарихи  және  географиялық  танымға  тәуелді. 
Нақтырақ айтқанда, алыс / жақын тіресімдік семантика бұған дейінгі тарихи 
кезеңдерде екі ел астанасының орналасудағы қашықтық межесі негізінде туады. 


55 
 
Демек, кейбір мөлшерлік ұғымдар тарихи сананы, танымды, түсініктерді ұдайы 
жаңғыртып, жадта сақтап отыру қасиетіне ие.  
Көне түркі тілінде «жақын қашықтық» ұғымы кічіг // кішкене сөзі арқылы 
да  беріледі.  Мысалы:  Ілгерү  –  Шантуң  йазықа  тегі  сүледім,  талуйқа  кічіг 
тегмедім, бергерү – Тоқуз Ерсенке тегі сүледім, Түпүтке кічіг тегмедім (КТк., 
3)  //  Ілгері  Шантуң  жазыққа  дейін  соғыстым,  теңізге  кішкене  жетпедім. 
Түстікте  Тоғыз  Ерсенге  дейін  соғыстым,  Тибетке  кішкене  жетпедім
Үзіндідегі кічіг сөзі кішкене деген мағынада. Қазіргі қазақ тілінде кішкене сөзі 
қандай да бір заттың көлем мен сыйымдылығына байланысты айтылып, қалыпты 
мөлшерден  «кішілік»  ұғымын  білдіреді.  Ал  контексте,  одан  басқа  әлденеше 
мөлшерлік  ұғымдарды  білдіруге  жұмсалады.  Мысалда  кічіг  //  кішкене  сөзі 
ауыспалы  мағынада  жұмсалған.  Яғни  «қашықтық»  ұғымына  байланысты 
қолданылып,  жер  бетіндегі  екі  межелі  орынның  арақашықтығын  білдіреді. 
Көлемге 
байланысты 
сөздің 
«қашықтық» 
ұғымында 
қолданылуы 
метафораланудың нәтижесінде жүзеге асқан. Бұған қарағанда, көне түркі тілінде 
де сөздердің көпмағыналығы кең өріс алған.  
Ескерткіштер мәтінінде «көлем» ұғымын білдіретін иінчге // жіңішке, йоған 
//  жуан,  учруғлуғ  //  үлкен,  улуғ  //  үлкен  сөздері  кездеседі.  Бұл  лексемалар 
кішкене/үлкен  сатылы  тіресімі  (градуалды  оппозициясы)  аясында  беріледі.  
«Көлем» ұғымы көбіне деректі заттардың сыртқы пішініне қатысты айтылады. 
Ал  дерексіз  (абстракті)  көлем  сол  деректі  заттардың  негізінде  метафоралы 
мағынаға  ие  болады.  «Тониқуқ»  ескерткішінде  былай  беріледі:  Иінчге  йоған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет