Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет43/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

үкүш, улуғ сөздері берілсе, «аздық» ұғымы бір ғана аз сөзі арқылы беріледі. Бұлар 
деректі  зат  есім  сөздерімен  тіркесе  келіп,  сол  заттың  саны  көп  не  аз  екенін 
жалпылама сипаттайды. Мұнда сандық мәннің нақты болуы шарт емес, көптігі 
немесе  аздығы    жалпылама  берілсе  жеткілікті.  Мысалы:  Аз  будунығ  үкүш 
қылтым, ығар еллігде йег қылтым (КТү., 29); Төрт булундақы будунығ қоп баз 
қылтым,  йағысыз  қылтым,  қоп  маңа  көрті.  Ісіг-күчіг  бірсер  бунча  төрүг 
қазғанып (КТү., 30) // Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым; 
Төрт  бұрыштағы  халықты  көп  бейбіт  еттім,  жаусыз  қылдым,  бәрі  маған 
бағынды, ісін-күшін жұмсап сонша жұртты жиып  
Мысалда аз / үкүш (аз / көп) сөздері өзара тіресім құрап, халық санының 
есебін  жалпылама,  салыстырмалы  түрде  білдіреді.  Мәтіндегі  мөлшерлік 
семантиканың  жалпылама  немесе  нақты  болуы  белгілі  ұғымдық  қажеттілікке 
қарай  анықталады.  Мәнмәтінде  халықтың  нақты  саны  емес,  өзге  шамалармен 
салыстырмалы  түрде  көп  не  аз  болуы  тірек  (доминанта)  семантика.  Бұл  сөз 
М.Қашқаридың сөздігінде де үкүш тұлғасында кездеседі. Ғалым бұған: Үкүш нәң 
// көп нәрсе (МҚ, Т
1
-90), – деп түсініктеме береді. Ал Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат 
сыйы»  еңбегінде
4
 өкүш  тұлғасында  беріліп,  мұнда  да  көп  мағынасында 
қолданылады. Мысалы: Санып сөзлаган ер сөзи сөз сағы, Өкүш йаңшаған тил ей 
алмас  йағы  //  Ойланып  сөйлеген  кісінің  сөзі  сөздің  асылы,  Көп  шатып 
                                                 
4
 Ахмет Йүгнеки. «Ақиқат сыйы». – Алматы: Ғылым. 1985, 135 б.  («Һибат-ул хақайық» // Ә.Құрышжанов, 
Б.Сағындықұлы транскрипциясы бойынша). 


54 
 
мылжыңдаған  тілді  алдырмайтын  жау  /деп  түсін/  (АЙ,  133-134).  Бұдан 
аталмыш сөз орта ғасыр түркі тілінде өте жиі қолданыста болғаны байқалады. 
Сөз бойындағы көптеген мағыналардың біреуі контексте актуалдануы улуғ 
сөзінен  де  көрінеді.  Мысалы,  Біргерү  табғач  тапа  улуғ  сү  екі  йегірмі  ... 
/сүңүшдім/  (КТү.,  28)  //  Түстікте  табғашқа  қарсы  көп  әскермен  он  екі  /рет/ 
соғыстым. Бұл мысалда улуғ сү тіркесі көп әскер мағынасын білдіреді. Улуғ – 
әлденеше  мағынада  кездесетін  көпмағыналы  сөз.  Соның  бірі  –  көптік 
семантикасы.  Жыраулар  поэзиясында  улуғ  сөзі  ұлы  формасында  беріліп,  ұлы 
шерік  қол  тіркесінде  кездеседі.  Ұлы,  даңқты,  үлкен  жорықтар,  шайқастар  көп 
әскердің қатысуымен болатыны заңды. Улуғ (ұлы) сөзінде айбын, айбат, үлкен 
деген де мағыналар бар. Міне, осындай жасырын семалар тұтаса келіп, «көптік» 
ұғымды  білдіріп  тұр.  Ескерткіш  мәтінінде  үкүш,  улуғ,  қоп  сөздері  синонимдік 
қатар  түзеді  де,  аз  лексемасына  тіресім  құрайды.  Академиялық  «Қазақ 
грамматикасында» зат есімнің көптік мағынасы туралы: «Қазақ тіліндегі көптік 
тұлға  мен  көптік  мағына  бір-біріне  тепе-тең  емес.  Көптік  тұлғамен 
салыстырғанда  көптік  мағынаның  өрісі  әлдеқайда  кең.  Олай  болатыны  – 
тіліміздегі әрбір зат есім ешқандай сыртқы морфологиялық көрсеткішсіз-ақ екі 
бірдей грамматикалық мағынада – жекеше де, көпше де жұмсала алады», – деп 
берілген  [166,  446  б.].  Бұл  тұжырымның  дұрыстығын  атай  отырып,  сын  есім 
сөздері де ешқандай көптік формасыз-ақ «көптік», «мөлшер» мағыналарын бере 
алатынын айта кеткіміз келеді. Мұны жоғарыдағы мысалдар толық дәлелдейді.  
Ескерткіштерде  «қашықтық»  семантикасы  «алыс/жақын»  тіресімдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет