71
рет шабуыл жасады; төрт йолы сүңүшдім (БҚ, 30)
// төрт жол соғыстым; сү
екі йегірмі.../
сүңүшдім/
(КТү., 28)
// он екі /рет/ соғыстым т.б.
Бұл мөлшерлік құрылымдарда
алты // алты, біш // бес, екі // екі, төрт //
төрт, екі йегірмі // он екі сан есімдері – әдеттегідей, мөлшерлік конструкцияның
бірінші компоненті. Бұл сан есімдер қимылдың дүркіндік мөлшерін сипаттайды.
Қимылдың дүркіндік мөлшерін білдіретін мөлшерлік конструкцияларда да
бір
сан есімі, жоғарыда баяндалғандай, көпмағыналы, абстрактілі болып келсе,
сандық мән бір санынан жоғарылаған сайын нақтылана түседі.
Йол // жол, йолы
// жолы, йор // рет мөлшерліктері – конструкцияның екінші компоненті. Олар
сан есімдердің көмегімен белгілі іс-әрекеттің (соғыстың) қайталану мөлшерін
білдіріп тұр. Мұнда осы екінші компонент тұрақтылық сипатымен ерекшеленеді.
Ал
сүңүшдім // соғыстым, сүңүшдіміз // соғыстық, тіді // шабуыл жасады
сөздері мөлшерлік конструкцияның үшінші компоненті болып, шамасы
(дүркіндігі) өлшенетін қимыл-әрекет саналады. Осы үштік компонент біртұтас
синтаксистік қатынаста, бірбүтін семантикалық байланыста келіп, қандай да іс-
қимылдың орындалу мөлшерін білдіреді. Мысалы:
Отуз йашыма Бесбалық
тапа сүледім, алты йол сүңүшдім...сүсін қоп өлүртім (БҚ, 28)
// Отыз жасымда
Бесбалыққа қарай аттандым, алты жол соғыстым, әскерін көп қырдым.
Үзіндіде Білге қағанның түркі халықтарын біріктіру жолындағы ұлы
соғыстары, қағанның Бесбалықта
алты рет соғысқаны айтылады. Мұнда
йол
мөлшерлігі жеке-дара тұрып мөлшерлік мағына білдірмейді, конструкция
құрамында тұрып, соғыстың дүркіндік мөлшерін, дәрежесін білдіреді және
мөлшерлік конструкцияны синтаксистік тұрғыдан байланыстырады.
Мөлшерлік конструкцияның тағы бір айрықша формасы бар. Онда
конструкция құрамындағы үш компоненттің біреуі (яғни екіншісі) ығысып
шығып қалады. Ескерткіштерде де осындай формада келетін мөлшерлік
бірліктер кездеседі:
йеті йегірімі сүңүсді (Тон., 49)
// он жеті /рет/ соғысты;
бес сүңүсді (Тон., 49)
// бес /рет/ соғысты; йеті сүңүсді (Тон., 49)
// жеті /рет/
соғысты; ікі йаңықа сүңүсдім (МЧ, 13)
// екінші /рет/ тағы соғыстым т.б.
Көріп отырғанымыздай, бір компоненті қысқарып қалса да, мөлшерлік
мағына сақталады. Мұны тілдік қажетке қарай конструкция құрамындағы
компоненттердің ықшамдалуы деп түсіну керек. Мұнда конструкция
компоненттері құрылымнан нақты көрініс таппағанымен,
логикалық компонент
ретінде ойда тұрады. Қайткенде де оның мағынасы ойша түсінікті болады.
Мысалы:
Табғачқа йеті йегірімі сүңүсді қытанқа йеті сүңүсді оғузқа бес сүңүсді
(Тон., 49)
// Табғаштармен он жеті рет соғысты. Қытандармен жеті /рет/
Достарыңызбен бөлісу: