Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет65/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

мәңгі, былдұр // былтыр, иыл // жыл, көш // сәт, уақыт сөздері кездеседі. Бұл 
сөздер  де,  бір  жағынан,  уақыт,  мезгіл  атауын  білдірсе,  екінші  жағынан,  сол 
атаудың  уақыттық  мәнін,  мерзімін,  мөлшерін  білдіреді.  Ғалым  бұл  сөздерге 
былайша түсініктеме береді:  
– Мәңгү // мәңгі, мәңгілік, шетсіз-шексіз. Бұл сөз әрі есім, әрі мәсдар. «Мәңгү 
ажұн // мәңгілік дүние». Жырда былай деп келген: 
Тұғұп тақы қалмады мәңгү ерен // адам мәңгі қалмайды, туса-туар,  
Ажұн күні иұлдұзы тұтшы тұғар // дүниенің күн, жұлдызды туар-тұрар!
 
(МҚ, Т
3
-506);
 
– Былдұр // былтыр (өткен жыл) (МҚ, Т
1
-516-517); 
– Иыл // жыл: бір иыл кешті // бір жыл өтті (МҚ, Т
3
-12); 
– Көш // сәт, уақыт: бір көш күдзгіл // бір сәт күткін, біраз күт (МҚ, Т
1
-
380). 
Сөздікте кездесетін бұл сөздердің ішінде меңгү сөзінің айрықша танымдық 
мәні бар. Түркілер танымында сан ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, 
олардың уақытқа көзқарасын, тұрмыс-тіршілігінің уақытпен байланыстылығын 
танытатын үлкен менталды сөз. Көне түркі тілінде,  «Күлтегін кіші жазуында» 
бұл сөз беңгү іл // мәңгі ел (КТк., 8) түрінде бір рет, беңгү таш // мәңгі тас (КТк.,  
11)  түрінде  үш  рет  кездеседі.  Аталған  сөз  жаратылыстық  дүниенің  уақытпен 


81 
 
өлшенетін  шегіне,  өмір  сүру  ұзақтығына  қатысты  айтылып,  шексіз  уақыт 
семантикасын білдіреді. Ал кейде салыстырмалы түрде шекті, бірақ ұзақ уақыт 
семантикасын  да  білдіреді.  М.Қашқари  бұл  сөзді  «әрі  есім,  әрі  мәсдар»  деп 
береді.  «Есім»  дегенде  заттың  атауы  емес,  белгілі  уақыт  мөлшерінің  атауы. 
«Мәсдар» етістіктің тұйық райы дегенді білдіреді. Соған қарағанда, бұл сөз де 
етіс негізді туынды сөз болғаны. Ал былдұр // былтыр, иыл // жыл, көш // сәт 
сөздері де мезгіл атауын білдірумен қатар уақыт мөлшері семантикасын білдіреді. 
Айталық, былдұр – бір жылдан көп емес уақыт, иыл – бір жыл уақыт, көш – 
белгісіз қысқа мерзім. Уақыт мөлшерін білдіретін мұндай сөздердің кейбірінде 
уақыт мөлшерінің нақты мәні болса, кейбірінде болжалдық мән болады.  
Уақыт  мөлшері  сематикасы  ұдайы  уақыт,  мезгіл  атаулары  арқылы  беріле 
бермейді.  Кейде  өзге  сөз  таптарының  ауысып  жұмсалуы,  белгілі  процесс  пен 
заттың уақыттық шегі арқылы да беріледі. М.Қашқари сөздігінде мұндай типтегі 
сөздер де кездеседі және оның уақыт семантикасын ғалым жақсы түсіндірген: 
– Ұзақ // ұзақ: ұзақ іш // ұзақ іс, созылған іс. Бір жаққа жіберген адам ұзақ 
кешіккенде  де  осы  сөз  қолданылады:  «Иалауаш  ұзақ  барды  //  жаушы  ұзақ 
кетті» дейді (МҚ, Т
1
-95); 
–  Пат  //  тез,  жылдам: «пат  кел  //  тез  кел», «шап  кел  // тез    кел»  деген 
секілді (МҚ, Т
1
-378); 
– Кібе // сәт, қысқа мерзім (оғызша): «кібе болды // аз уақыт өтті» (МҚ, 
Т
3
-296-297); 
– Тадұн – бір жасар бұзау (МҚ, Т
3
-234). 
Ұзақ // ұзақ сөзі – қашықтық семантикасын білдіретін сын есім сөз. Алайда 
сөздермен  тіркескенде  іс-әрекеттің  уақытпен  байланысты  созылу  ұзақтығы 
семантикасын  білдіріп,  уақыт  мөлшерін  де  білдіреді.  Яғни  уақыттың  қимыл-
әрекетпен  өлшенуі.  Демек  бұл  сөз  жалпылама  сыннан  гөрі,  зат  пен  қимыл-
әрекеттің  уақыттық  және  кеңістіктік  шегін  көрсететін  нақты  мөлшер 
семантикалы  сөз  екені  байқалады.  Ал  пат  //  тез,  жылдам,  кібе  //  сәт,  қысқа 
мерзім  сөздері  «өте  аз  уақыт»  семантикасын  білдіреді.  Түркілер  уақыт 
кезеңдерінің, мөлшерінің қажетті әр элементіне  ат қоя білген. Бұл тадұн сөзінен 
де  көрініс  табады.  Тадұн  –  туылғанына  бір  жыл  толған  мал  баласына  (сиыр) 
берілген атау. Мұнда заттық семантикамен қатар, уақыт семантикасы да басты 
тірек мағына саналады. Ежелгі түркілер мен қазақтарда уақыт ұғымымен, уақыт 
мөлшерімен  байланысты  келетін  мал  атаулары  көптеп  кездеседі.  Бұл  уақыт 
семантикасын тұрмыс-тіршілік формасында игерудің бір көрінісі саналады. 
Сөздікте «уақыт» ұғымын білдіретін лексикалық бірліктер сын есім, үстеу 
сөздері  арқылы  беріледі  және  олардың  саны  тым  көп  емес.  Өйткені  уақыт  – 
абстрактілі ұғым. Сондықтан уақыт мөлшерін білдіретін тілдік бірліктер көбіне 
күрделі құрамды болып келеді. 
Сөздікте  «салмақ»,  «көлем»,  «сыйымдылық»  ұғымдарын  білдіретін 
лексикалық  бірліктер  де  кездеседі.  Алайда  олар  саны  жағынан  тым  шектеулі 
және  нақты  мөлшерлік  шаманы  емес,  мөлшерді  сындық  тұрғысынан  сипаттау 
мәнді  болып  келеді.  Ғалым  бұл  сөздердің  семантикасын  да  мысалдар  арқылы 
түсіндіреді. Айталық, «салмақ» ұғымына қатысты сөздікте ағыр // ауыр, (МҚ, Т
1
-
82), иенік // жеңіл (МҚ, Т
3
-30) сөздері кездеседі де, мынадай түсініктеме берілген:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет