80
М.Қашқари сөздігіндегі көлденең бағыттағы қашықтық семантикасын
білдіретін сөздердің ендігі бір тобы
«алыс/жақын» ұғымдарымен беріледі.
«Арақашықтық» семантикасын білдіретін бұл сөздер деректі заттармен қатар,
абстрактілі ұғымдарға да қолданылады:
–
Иырақ // жырақ: «иырақ иер // жырақ жер». Туысқандардың, тағы
басқалардың жырақ қалғанында да осы сөзді қолданады (МҚ, Т
3
-41).
–
Иағұқ // жақын: «иағұқ иер // жақын жер». Туысқан-туғандарға да «иақ
иағұқ» дейді (МҚ, Т
3
-42).
–
Иақын // жақын: «Иақын иер // жақын жер», «иақын ер // иақын адам,
жақын туыс» (МҚ, Т
3
-33-34).
Мұндағы
иырақ, иағұқ, иақын сөздері нақты бір географиялық екі нүктенің
(орынның) арақашықтығын білдіреді. Бұл сөздер кейде тік бағытты қашықтық
шамаларға да қолданылады. Сонымен қатар абстрактілі арақашықтық
ұғымдарын білдіреді. Әлем географиялық кеңістіктен құралады, соған ұқсас
адамның ішкі әлемі де рухани кеңістік. Осы баламалы ұғымдардағы қашықтық
ұғымдарын сипаттауға қолданылатын сөздер де ұқсас болады.
Жоғарыдағы «қашықтық» ұғымын білдіретін лексемалар – негізінен,
сапалық және қатыстық сын есімдер. Бұл сөздер белгілі ұғым аясында өзара
тіресім құрап, «қашықтық» ұғымын сындық тұрғыдан жалпылама сипаттайды.
Яғни нақты мөлшерлік мән емес, салыстырмалы түрде айтылған бағалауыштық
мөлшерлік мән. Бұлар дербес тұрғанда сын есім деп танылғанымен, контексте
нақты қолданыс тапқанда мөлшерлік семантикасы нақтылана түседі. Сын
есімдердің бұл қасиеті қазақ тілінде де, орта ғасыр түркі тілінде де ұқсас.
Мөлшер семантикасын білдіретін лексикалық бірліктердің ендігі бір тобы
«уақыт мөлшері» микроұғымына жатады. Әдетте лексикалық бірліктердің көбі
бір ғана мағынамен шектелмейді. Тілдік қолданыс барысында семантикалық
өрісі кеңейіп, бір лексема бірнеше басты ұғымдарды тоғыстырып жатады.
М.Қашқаридың сөздігінде «уақыт мөлшері» семантикасын білдіретін
мәңгү //
Достарыңызбен бөлісу: