82
жерге, дегеніне жетті» дегені (МҚ, Т
1
-82).
Ағыр // ауыр сөзі қимыл-әрекеттің
сылбырлығы, қиындығымен қатар, нақты заттардың да салмағына байланысты
қолданылады. Мұнда зат салмағының
ауыр не
жеңіл болмағы арасында түрлі
шамалар жиынтығы өмір сүретіндіктен, ол түрлі деңгейден құралатын «мөлшер»
ұғымына жатады. Заттардың салмағы
ауыр не
жеңіл болуы сол заттың ішкі
межесіне және барлық адамдардың санасында қалыптасқан орталық меже
негізінде анықталады.
Сөздердің ендігі бір тобы «көлем» ұғымын білдіреді. Олардың қатарына
иоғұн, алп, иасы, ұшақ, иінчке сөздерін жатқызуға болады. Бұл сөздер сөздікте
былайша түсіндірілген:
– Иоғұн // жуан – қалың нәрсенің бірі (МҚ, Т
3
-42);
– Алп // алып, батыр: алып иағыда, алчақ чоғыда // батыр жауда, момын
дауда (білінер) (МҚ, Т
1
-70);
– Иасы // енді, кең: иасы нең // енді нәрсе (МҚ, Т
3
-36);
– Ұшақ // ұсақ: ұшақ нәң // ұсақ, майда нәрсе; содан барып кішкентай жас
балаларды «ұшақ оғлан // ұсақ бала» дейді. Отынның ұсағын да «ұшақ отұн //
ұсақ отын» дейді. Бұл сөз жалқыға емес, жалпыға қолданылады (МҚ, Т
1
-95-96);
– Иінчке // жіңішке, жұқа, нәзік: иінчіке торқу // нәзік мата; нәзік торқа,
инчке кіші // жіңішке кісі (МҚ, Т
3
-508).
Заттың көлемі мен сыйымдылығы – қатар жүретін ұғымдар. Сыйымдылығы
үлкен затың көлемі де үлкен болады немесе керісінше. Жоғарыдағы
иоғұн //
жуан сөзі де сол сияқты
жуан, үлкен деген
«көлем»
ұғымын
білдірумен қатар,
сыйымдылық ұғымын да білдіреді.
Бұл сөз ДТС-те де кездеседі және мынадай
түсініктеме беріледі: «1.толстый, крупный (МК ІІІ 29); кімнің тамары иоғұн
болсар қанағы иеңіл // у кого толстые сосуды, кровоиспускание легкое» (ТТ VII
42
3
) [188, с. 270]. Мұнда тамырдың жуандығы «сыйымдылық» ұғымына жатады.
Ал
алып //алып сөзі адамның дене бітімі орасан үлкен, қалыпты
мөлшерден тым
ірі екенін білдіреді. Дене бітімнің үлкендігі «көлем» ұғымына жатады.
Сондықтан
иасы // кең сөзі де дене бітімінің көлденең бағыттағы үлкендігін
білдірсе де, «көлем» ұғымына жатады. Бұл сөздерге семантикалық тіресім –
ұшақ
// ұсақ сөзі. Кез келген қатты заттардың сыртқы формасына қатысты айтылып,
қалыпты мөлшерлік межеден кішкенелік семантикасын білдіреді.
Иінчке //
жіңішке сөзі де заттың сыртқы формасының, енінің жіңішкелігін білдіреді.
Иінчке // жіңішке нәрселердің иелейтін көлемі де аз болғандықтан, ол «көлем»
ұғымына жатады.
Көлем сыртқы аумақ болса, сыйымдылық ішкі аумақ. Кейде екі ұғым
өлшемдік мақсатта бір заттың бойынан да табылады. Десе де «сыйымдылық»
ұғымы өлшемдік мақсатта көбірек қолданылады да, көлем шамалау, ойша
болжау мәнінде келеді. М.Қашқари сөздігінде сыйымдылық семантикасын
білдіретін
кең //кең және
тар // тар сөздері кездеседі. Аталған сөздерге мынадай
түсіндірме беріледі:
–
Кең // кең: кең нәрсенің бәріне «кең нең» дейді. Мақалда былай деп келеді:
«кең тон ұпрамас кеңешлік білік артамас // кең тон тозбас, кеңескен білік
азбас». Кең тон жыртылмайды, тозбайды, ақылдасып, кеңесіп істеген іс
бүлінбейді. Бұл өзімбілемдікке салынбай, басқалармен кеңесіп, ойласып іс
Достарыңызбен бөлісу: