158
Берілген мысалдарда жыраулар поэзиясындағы зат есімдер арқылы түзілген
мөлшерлік метафоралардың негізгі тақырыбы – адами қасиеттер. Мұнда жеке
адамды сөз арқауы ету арқылы тұтас бір елді сипаттау да бар. Бірінші мысалдағы
бөрі сөзі ауыспалы мағынада
алғыр, батыр ер ұғымының орнына алынған. Ал
«абадан»
батырлардың батыры, арыстардың арысы, көшбасшысы ұғымын
білдіреді. Осы
абадан сөзі ерлік, батырлық қасиеттердің ең жоғарғы сапасын
білдіреді. Сондықтан да біз мұны
сапа мөлшері ұғымына жатқызамыз.
Екінші мысалда адамның жас шамасына қарай толысу кезеңдері белгілі
заттық ұғымдар арқылы сипатталған. Халық танымында
жаға «үлкендік, бедел»
ұғымдарына балама болса,
жең сөзі
қол сөзіне балама ретінде «іс» ұғымын
сипаттайды деп ойлаймыз. Сондықтан
алтын тонның жеңі метафорасы ел
ішіндегі атқамінер ер-азаматтарға тән қасиеттің ең жоғарғы сапасын көрсетеді.
Бұл да – «сапа» ұғымы аясында метафораланған мөлшер ұғымы.
Үшінші мысалда тұтас бір рулы ел жалғыз адам кейпінде сипатталып отыр.
Арыс сөзі тұтас ел, бар қазақтың үлкен бір бұтағын білдірсе,
аузы кере қарыс
тіркесі
азулы сөзінің екінші баламасы ретінде қолданылған. Ешкімге дес
бермейтін азулы жыртқыш бейнесінде сипатталған арғын руының іргелі,
ықпалды ру екендігін ескерту мақсаты көзделген. Мұнда
арғын руының айбаты,
тегеурін қуаты «азу» ұғымы арқылы метафораланып, «ұзындық, кеңдік»
ұғымдары аясында сипатталған. Сонымен қатар, арғын руының іргесі кең
жайылған елдігі «аудан», «кеңістік» ұғымдарымен беріледі. Яғни
талыс пен
Достарыңызбен бөлісу: