Марапаттау парағы тегі, аты, әкесінің аты



Дата08.04.2023
өлшемі18,56 Kb.
#80549
Байланысты:
Дюсекина Л.О. №36 ЖОББМ


Қазақстан Республикасы


Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы


МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

  1. Тегі, аты, әкесінің аты:

  2. Лауазымы, жұмыс қызмет орны: «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, тарих және география пәнінің мұғалімі;

  3. Жынысы: әйел

  4. Туған жылы мен туған жері: 21.06.1973 жыл, Абай ауданы, Құндызды ауылы

  5. Ұлты – қазақ;

  6. Білімі – жоғары, Семей қ. Шәкәрім атындағы педагогикалық институты, 2002-2007 ж.

  7. Ғылыми дәрежесі және атағы – жоқ

  8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты: жоқ

  9. Мекен жайы: Семей қаласы, 3-линия көшесі 3-үй

  10. Жалпы жұмыс өтілі – 28 жыл

  11. Саладағы жұмыс өтілі: 16 жыл

  12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 1 жыл

  13. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:



Дюсекина Лазат Орынбековна – жаңартылған білім беру бағдарламасына сай білім беріп келе жатқан маман.
2002-2007 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын оқып аяқтады. 2007 – 2015 жылдары №47 орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып қызметін атқарды. 2015 - 2019 жылдар аралығында Семей қаласындағы «Авиценна» медициналық колледжінде тарих және география пәндерінің оқытушысы болды. 2019-2021 жылдары Семей қаласындағы индустрия-технология колледжінде тарих және география пәндерінің оқытушысы болды. 2021 жылдан бастап Семей қаласындағы «№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарих және география пәндерінің мұғалімі болып еңбек етеді.
Дюсекина Лазат Орынбековна - жоғары санатты мұғалім. Лазат Орынбековна өз ісінің білгірі, шығармашыл ұстаз. Жеке өзі ұстаз ретінде Лазат Орынбековна ізденіп қоймай, шәкірттерін де шығармашылыққа баули отырып, сапалы білім беруді алдына мақсат етіп қойып отырған маман. Осы ұстаздық қызметте еңбек етіп келе жатқан жылдары жетістіктері ауыз толтырып айтарлық. Оқушылардың бойындағы табиғи дарындылықты аша білетін, сол дарындылықты ары қарай жетілдіре білетін білгір маман.
2021 – 2022 оқу жж. ұстаздың жетістіктері: «Өрлеу» БАҰО ШҚО ПҚ БАИ 2021 жылдың 07.08 – 16.08 аралығында «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсында «География сабағында қолданылатын белсенді және тиімді әдістер» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Республикалық география пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасына, Daryn.online «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысып, I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, Лазат Орынбековнаның оқушылары көптеген жетістіктерге жетті. 2021-2022 оқу жылында 11 «А» сынып оқушысы Кактенова Томирис және 7«Ә» сынып оқушысы Нұржанов Ерали ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысып, 3 орын иеленді. 10 «А» сынып оқушысы Хұсайын Әмір география пәнінен өткізілген республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 1 орын иеленіп, облыстық кезеңнен 2 орынға ие болды.
Республикалық Дәстүрлі интернет олимпиада сайтында өткізілген география пәнінен олимпиадада Нұржанов Ерали, Кактенова Томирис, Қыдырова Алина, Ақылбеков Бақтияр, Шапенова Дина, Серікжанова Айнұр сяқты оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
2021 жылы желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» атты республикалық байқауда 7 «Ә» сынып оқушысы Нұржанов Ерали жеңімпаз атанып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы сәуір айында Семей қаласының тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Болашақ өлкетанушы» қалалық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсында 11 «А» сынып оқушысы Кактенова Томирис 2 орын иеленді.
2022 жылы ақпан айында Инновациялық колледжінде өткен «Ахмет- ұлт ұстазы» атты ғылыми конференцияда 10 «А» сынып оқушысы Сейсенова Инабат жүлделі орын иеленіп 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Лазат Орынбековна ізденуден жалықпайтын ұстаз. Өткізілген сыныптан тыс шаралардың барлығы жоғары деңгейде өтіп, мектеп әкімшілігінің, әріптестерінің, ата-аналардың көңілінен шықты. Лазат Орынбековна оқытудың әдістемелік жұмысын жетік меңгерген, оқушының бойындағы дарындылықты дамытып, білім, білік дағдыларын іс әрекетте көрсете білетін, өз ісінің білгірі, білікті маман.
Дюсекина Лазат Орынбековнаның кандидатурасы Қазақстан Республикасының (2022 жылғы 12 тамыз № 3 хаттамасы) мемлекеттік марапаттарына ұсынылған марапаттау құжаттарын қарастыру бойынша «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің № 36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ комиссия отырысында қаралды және ұсынылды.
Мына наградаға ұсынылады:

«№ 36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры


_______________________________
(қолы)
Султанов Галымбек Бейсенович
12.08. 2022 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет