III. Глюконеогенезді тежейтін және глюкозаның тіндерге түсуіне ықпал ететін дәрілер - Бигуанидтер
- Метформин (Глюкофаг, Сиофор, Глиформин)
- Қолдану көрсетілімі:
- 2 типті қант диабеті («семіздер» диабеті)
Метформиннің әсер ету механизмі - Бауырда глюконеогенезді тежейді.
- Глюкозаның қаңқа бұлшықетпен сіңірілуін. жоғарылатады, бірақ гликоген түзілуіне әкелмейді
- Анаэробты гликолизді белсендіреді, бұлшықеттерде сүт қышқылы жиналады.
- Глюкозаның май тіндерімен сіңірілуін күшейтеді.
- Тамаққа тәбетті төмендетеді, дене массасын азайтады.
- Қанда үшглицеридтер мен холестериннің мөлшерін азайтады.
Жағымсыз әсерлері - Жүрек айну, құсу, ауызда металл дәмі, іш өту, метеоризм, іштің шаншып ауруы
- Лактатты ацидоз (анаэробты гликолиздің активтенуі нәтижесінде пайда болады, оның ақырғы өнімі - сүт қышқылы). Лактацидоздың белгілері: әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшық еттер ауырсынуы, ентігу, гипотермия, гипотония, брадиаритмия.
IY. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын дәрілер - Тиазолидиндиондар
- - Розиглитазон
- - Пиоглитазон (Актос)
Әсер ету механизмі - PPAR (peroxisome proliferator-activated receptors) (пероксисом пролифераторымен активтелген рецепторлар). Бұл ядродағы арнайы рецепторлар тобы, олар 3 типті болады: PPARα- бауырда, бүйректе, жүрек, бұлшықетте, майлы тіндерде экспрессияланады; PPARβ/δ – көбінесе бауырда, майлы тіндерде және теріде экспрессияланады; PPARγ – 3 түрде экспрессияланады:
- PPARγ1 – барлық тіндерде экспрессияланады, соның ішінде жүрек, ұйқы безінде, талақта, тоқ ішекте.
- PPARγ2 – адипоциттерде экспрессияланады.
- PPARγ3 – макрофагтарда, тоқ ішекте, ақ майлы тінде синтезделеді.
-
Әсер ету механизмі - Тиазолидиндиондар PPARγ активтендіреді.
- Ядродағы PPARγ рецепторларды активтендіріп, инсулинге сезімтал гендердің транскрипциясын арттырады.
- Нәтижесінде тіндердің (майлы тіндер, бұлшықеттер, бауыр ) инсулинге сезімталдығы артады. Тиазолидиндиондар инсулиннің сенситайзерлеры. Майда адипоциттердің санын көбейтеді, глюкозаны тасымалдайтын GLUT-4-нің санын көбейтеді (майлы тінде, бұлшықеттерде орналасады); глюкозаның, майлы қышқылдардың тіндермен ұсталуын жоғарылатады, липогенезді жоғарылатады, глюконеогенезді тежейді.
-
Достарыңызбен бөлісу: |