Марина Г. А. «Ежелгі дүниенің мифологиясы және политеизм» пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент



бет5/30
Дата18.10.2023
өлшемі119,66 Kb.
#117852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Ìàðèíà Ã. À. «Åæåëã³ ä?íèåí³? ìèôîëîãèÿñû æ?íå ïîëèòåèçì» ï?í³íå

Эссе жазу бойынша кеңестер:

  • Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.


  • Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.

  • Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз.

  • Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.

  • Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.

  • Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.

  • Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.

  • Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.

  • Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.

Эссені қалай рәсімдейді?

  • ғылыми ортада қабылданған барлық техникалық және этикалық талаптарға сай болуы керек, яғни авторларға сілтеме жасау, олардан дәйекісөздер келтіру талаптарға сай ұсынылуы қажет;

  • қолжазбалардан келтірілген немесе тікелей көшіріліп алынған дәйекісөздер немесе үзінділер атрибутталынуы тиіс, яғни дереккөздік - мәтіндерге айқын түрде сілтеме жасалынуы немесе дереккөздерді пайдалануға библиографиялық сипаттама жасау стандарттарына сай әдебиеттер тізімінде көрсетілуі тиіс.

  • ғаламтор желісінен алынған мәліметтер де әдебиеттер тізімінде көрсетілуі тиіс.

  • академиялық жазудың(лексика, ғылыми терминология, грамматика, стилистика) талаптарына сай рәсімдейді.

Эссе жазуда жиі жіберілетін қандай қателіктер?


1-қателік: түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныш талаптардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады; осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет