Маркетинг және жарнама психологиясы пәнінің мақсат міндеттерін талдаңыз



бет1/5
Дата14.09.2023
өлшемі25,68 Kb.
#107561
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1,2,3,4,23,24,27,28 (копия)





  1. Маркетинг және жарнама психологиясы пәнінің мақсат міндеттерін талдаңыз.

«Жарнама» түсінігінің көптеген анықтамасы бар. Жарнама сөзі - французша reclame, немісше werbung деген, латынның reclamo «рекламо» сөзінен шыққан, үлгілеу «айқайлау» деген мағынаны білдіреді
АҚШ – та жарнама психологиясының негізін салушы болып психолог - функцианолист Уолтера Джима Скотт болып табылады. 1903 жылы ол өзінің «Жарнаманың теориясы және практикасы» атты жұмысын жарыққа шығарды.
Жарнаманың көп мақсаттары бар, алайда олай көрінгенімен жарнама әруақытта бір мақсатты көздейді.
Жарнаманың негізгі мақсаттары келесіден тұрады:
-пайдаланушының зейінін аудару;
-тұтынушыға тауарды пайдаланудың тиімділігін көрсету;
-қызмет немесе тауардың өзі туралы пайдаланушыда нақты білім деңгейін қалыптастыру;
-сатушының немесе өнім шығарушы фирманың жағымды бейнесін құру;
-тауарға қажеттілікті қалыпастыру;
-фирмаға оң қатынасын қалыптастыру;
-сатып алушыға бәсекелестің емес, дәл жарнамалаушы фирманың тауарын алуға сендіру немесе иландыру;
-тауар өніміне ынталандыру;
-тауар айналымының жылдамдауына қабілеттену;
-бұл пайдаланушыны тауардың әруақытта сатып алушысы, фирманың әруақытта клиенті болдыру;
-басқа фирмаларға сенімді партнер бейнесін қалыптастыру;
-пайдаланушыға фирма және оның тауары туралы есіне түсіру;
2.Жарнаманың негізгі түрлерін және ерекшеліктерін суреттеңіз.
Жарнама- іс-әрекетінің үш маңызды ерекшелігі.
-Оң баға бере отырып, жарнамлаудың объектісін адамды, тауарды бөлу ол сәйкестік саны жағынан мағынасы жағынан тең. Сонымен қатар оған зейін аудару және сән құру керек.
-Жарнамалаушы объектіні жоғары стандартпен лайықты ретінде көрсету бұл үшін объектіні нарықта бар жақсы үлгімен ұқсастыру жүргізіледі.
-Жарнамаланушы объектіні ең жақсы түрде көрсету және оған қызығушылық шақыру бұл мақсатпен дәл оның беделін асырып көрсететін объектіні суреттер қолданылуы мүмкін.
Ықпал ету тәсіліне байланысты жарнамалық хабарландыру рационалды және эмоционалды болуы мүмкін.
Рационалды (пәндік) - жарнама потенциалды пайдаланушының ақылына қарай ақпарат береді. Олар айтылған сөзден әсер қалдыру үшін сурет немесе сызулар қолданады. Сөзбен баурайды және сендіру үшін аргументтер келтіреді.
Эмоционады (ассоциативті) - жарнама еске түсіреді. Ол ойды туралайды, сезімге, эмоцияға бейсаналы қатысады. Ассоциация арқылы идеяға және елестетуге ықпал етеді. Оның ең тиімді құралы-сурет, түс және төменгі дәрежеде дауыс.
Тәсіліне қарай жарнама «қатты» және «жұмсақ» болып бөлінеді.
«Қатты» жарнама өзінің жаны бойынша өнімді ынталандыруға жақын. Мұндай жаранаманың азуақытты мақсаты бар. Ол объектіге былай ықпал етеді: хабарландырудың сыртқы тиімділігіне сүйенетін айқайлаушылардың көмегімен оны сатып алуға назар аудартады.
«Жұмсақ» жарнаманың мақсаты тек тауар оның мақсаты туралы хабарландыру емес, сонымен қатар бұл тауардың айналасында жағымды атмосфера құру болып табылады. Көбіне бұл- терең мотивтің символикасында ойнайтын эмоционалды жарнама. Ол пайдаланушыларды қандайда бір тауардың тиімділігі негізінде сатып алуға іштей дайындықты қалыптастыра отырып өзгертеді.
Негізгі мақсат міндеттеріне қарай жарнама келесі түрлерге бөлінеді.
Имиджді жарнама сатып алушы және партнерларда тауар және фирманың жағымды бейнесін құруға бағытталған. Ондағы сенімділікті, жұмыстың тиімділігін, клиентке мейірбандылығын, тұрақтылығын атап өту керек. Кәсіпорын мәртебесін құру мақсатында жарнамалық іс - әрекет өзіне мынадай шаралар енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет