Маркетинг


Сегменттеудің мәні мен түрлері



бет32/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   99
1 Сегменттеудің мәні мен түрлері
Сегмент – бұл нарықтың ұқсас сипаттамаларына ие және белгілі маркетингтік жағдайларға бірдей әсер ететін ерекше түрде белгіленген бөлігі (нарықтағы клиенттердің топтары).
Нарықты сегменттеу нарықты сегменттерге бөлу процессін көрсетеді. Нарықтағы сегменттер саны әртүрлі болуы мүмкін.
Нарықты сегменттеу келесі сызба нұсқаға сәйкес жүргізіледі: жаңа нарықтарда (сегменттерде) нарықтық және маркетингтік мүмкіндіктерді талдаусегменттеудің белгілерін және критерийлерін зерттеунарықты сегменттеунарықтық ортаны талдау және мақсатты нарықты таңдауфирманың нарықтағы іс-әрекетінің стратегиясын жоспарлау және таңдаумақсатты нарықтың сегменттерін таңдау және қызығушылығын бағалаунарықтағы тауарды позициялаумаркетинг кешенін жоспарлаумаркетинг кешенін әзірлеунарықтың жаңа сегментінде фирма қызметін ұйымдастыру.
Сегменттеудің мәні тұтынушылардың ерекше топтарын айырықшалауда емес, берілген тауарға қазір (немесе болашақта) түрлі талаптар қоятын тұлғаларды табуда.
Өткізу сипатына және тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларының тұрпатына қарай сегменттеу бірнеше түрлерге бөлінуі мүмкін:

    • макросегменттеу, оның шеңберінде нарықтар аймақтарға, елдерге және т.б. бөлінеді;

    • микросегменттеу, сегменттердің бір елдің, аймақтың ішінде әлдеқайда бөлшекті белгілер бойынша қалыптасуын көздейді;

    • терең сегменттеу, бұл жағдайда сегменттеу процессін тұтынушылардың кең тобынан бастайды, сосын сатылар бойынша оны тұтынушылардың сыныптамаларына қарай тереңдетеді;

    • кеңінен сегменттеу, ол тұтынушылардың тар тобынан (сегментінен) басталып, сосын тауардың тағайындалу саласына және қолданылуына қарай кеңейеді;

    • алдын-ала сегменттеу – нарықтық сегменттердің мүмкін болған максималды санын зерттеуге бағытталған маркетингтік зерттеулердің бастапқы сатысы;

    • соңғы сегменттеу – нарық жағадайынан және фирманың өз мүмкіндігінен қалыптасатын маркетингтік зерттеулердің соңғы сатысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет