Өзіңіздің негізгі қажеттіліктеріңізді сипаттаңыз және А.Маслоу пирамидасына сәйкес иерархиялық тізбегінде таратыңыз. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын негізгі тауарларды көрсетіңіз.
Мүмкін сіз көптен бері өзіңізге қажетті бір нәрсені белгілі бір көлемде сатып алғыңыз келеді (мысалы, автокөлік, компьютер, пәтер). Әрине, сіз өзіңіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын тауар алғыңыз келеді. Өзіңіздің жеке тұтынушылық тәртібіңізді өзіңізге қажетті тауар кезіндегі модельді тұтынушылың алғашқы қалыптасу қажеттілігінен бастап тікелей тұтынуын құрып сипаттаңыз.
Көп туристiк фирмалар маркетологтар ұсыныстары бойынша алыс елдердiң атмосферасын өз кеңселерiнде қалыптастыру үшін кокос және ерекше дәмдеуiштердiң иiсi бар тозаңдары қолданады. Жаңа жыл қарсаңында сонымен бiрге маркетологтар дүкендердi апельсин мен дәм қабықтың хош иісімен толтыруды ұсынады, әулие валентин күнiне - шоколадтың иiсiмен. Маркетологтардың мұндай ұсыныстары неге бағытталған? Ұсыныстарға шектi нәтижелер қандай мәлiметтiң арқасында жете алады?
Оқудың мақсаты 1 Нарықты сегменттеудің үрдісін, мақсатты нарықты таңдау мен нарықтағы тауарды позициялауды жүргізудің қажеттілігінің маңызын игеру.
2 Нарықты сегментациялаудың критериялары мен белгілерін анықтай алуды білу бойынша білімді бекіту, мақсатты нарықты таңдау мен нарықтағы тауарды позициялауды жүргізу үрдісінің стратегиясы мен тәсілдерін түсіндіру.
Сұрақтар 1 Сегменттеудің мәні мен түрлері.
2 Сегменттеудің белгілері мен критерийлері.
3 Мақсатты нарықты таңдау.
4 Тауарды нарықта позициялау.