Маркетинг


Тауарларды қаптау және маркалау



бет40/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

Тауарларды қаптау және маркалау

Қаптама – тауардың қабықшасы. Ішкі, сыртқы және көліктік қаптаманы бөліп көрсетуге болады.
Қазіргі кезде қаптаманың рөлі өсті, сондықтан көбісі оны маркетинг кешенінің бесінші құрамдас бөлігіне қосады (packing - қаптама).
Қаптаманың негізгі функциялары:
- тауарды орналастыру және ауыстыру;
- тауарды қолдануды жеңілдету;
- нарықты сегменттеуге араласу;
- өткізу арналарының жұмысына араласу;
- тұтынушымен байланыс құралы;
- жаңа өнімді, оның сипатын қалыптастыру құралдары.


Қаптамаға қойылатын негізгі талаптар:

    • тауарлық қаптаманың пішіні, көлемі, түсі назар тартарлық болу керек;

    • қаптама тұтынушылардың ойында тауар туралы жағымды пікір тудыру керек;

    • тауар мен оның қаптамасының түсі арасында ойластырылған байланыс болу қажет;

    • өндірушінің тауарларының бірыңғай сипатта рәсімделген қаптамасы болуы тиіс;

    • қаптама өте жиі ауыстырылмауы тиіс, өйткені бұл тауарлардың танылуын қиындатады;

    • қаптамада тұтынушы үшін қажетті ақпарат болуы тиіс.

Тауарларды маркалау этикетка, штрих кодтар және сондай басқа да құралдардың қолдануымен жүргізілуі тиіс. Ол тауарларға бекітілген биркалар немесе қаптаманың айрықсыз бөлігі болып табылатын тұтас графикалық композиция түрінде болуы мүмкін.

  1. Тауарлық саясат жүйесіндегі қызмет көрсету

Қызмет көрсетудің (сервис) екі түрлі мағынасы бар: жеке меншік қызмет көрсету (консалтинг, шаштараз) және соңғы тұтынушы немесе делдалдар үшін өз өнімі бойынша қызмет көрсету.
Қызмет көрсетудің қажеттілігі ең алдымен, өндіруші өз тауары үшін тұрақты нарықты қалыптастыруға ұмтылуынан туындайды. Жоғары сапалы тауар бойынша сауатты түрде қызмет көрсету тауарға деген сұранысты жоғарылатады, кәсіпорынның коммерциялық жетістіктерге жетуіне үлес қосады, оның беделін жоғарылатады. Қызмет көрсету сату алдындағы, сату барысындағы, сатудан кейінгі деп бөлінеді, өз кезегінде соңғысы кепілдікті және кепілдіктен кейінгі деп те бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет