Көптеген бизнесмендер тек бір ғана делдалмен ғана емес, ал бірнеше делдалмен жұмыс жасау керек деп санайды. Осындай әдістеменің дұрыстығын олар бизнестің алтын ережесімен растайды: барлық жұмыртқаларды бір себетке салуға болмайды. Сіздер осындай көзқараспен келісесіз бе? Неліктен «ия» және неліктен «жоқ»? Өз ұстанымдарыңызды түсіндіріңіз.
Келесі тұжырымдамаларға сәйкес өткізу стратегияларын қойыңыз:
Тек қана бір бөлшек сауда орталығы белгіленген географиялық аймақта кәсіпорын тауарын жүзеге асырады;
Кәсіпорын көп бөлшек сауда орталықтарында өз тауарларын және қызметтерін жүзеге асыруға ұмтылады;
Белгіленген аймақта кәсіпорын бірнеше бөлшек сауда орталықтарын таңдап, сол орталықтарда өз тауарларын өткізеді.
BMW тауар имиджін ұстап тұру үшін фирмалық әдістемені қолданады және өздерінің дилерлерінің сатылымын бақылауды артады.
«ХХХ» кәсіпорны дилерлермен жақсы қарым-қатынас арқасында санын шектеп және өз тауарын өткізетін бөлшек сауда орталықтарының сапасын қолдайды
Оқудың мақсаты 1 Жылжыту бойынша маркетингтік шешімдер туралы ұғымдарды
қалыптастыру.
2 Фирманың коммуникациялық саясаты аумағындағы білімдерін бекіту және
жылжыту бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді үйрену.
Сұрақтар 1 Маркетингтік коммуникациялардың кешені.
2 PR – қоғаммен байланыстар.
3 Өткізуді ынталандыру.
4 Жеке сату.
5 Көрмелер және жәрмеңкелер.
6 Тікелей маркетингтің түсінігі мен нысандары.
7 Интегрирленген маркетингтік коммуникациялар.