Маркетинг деп нені түсінесіз және сізге белгілі фирмалардың қызметкерлері маркетингтің мәнін қалай жүзеге асырады? Қазақстандық кәсіпорындардағы қазіргі маркетингтің жағдайы қандай және маркетигнтің дамуы немен ерекшеленеді?
Кәсіпорынды басқаруда маркетингтің тұжырымдамалары қандай негізгі мақсатты ұстанады?
Фирманы басқаруда маркетингтің қандай негізгі қағидалары мен функцияларын бөліп көрсете аласыз?
Кәсіпкерлік пен маркетинг аумағындағы әлемдік ғылым және тәжірибе маркетингтің қандай негізгі даму кезеңдерін негіздейді және бөліп көрсетуді ұсынады?
Маркетинг кешені деген не және оның әзірлемелерінің негізгі мақсаты мен құрамы неден тұрады?
1.3 Тесттер
1. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпорын
A) нарықты зерттейді;
B) жарнама жүргізеді;
C) қажетті тауарларды белгіленген орынға және керек уақытында жеткізуді қамтамасыз етеді;
D) өз қызметін мұқтаждықтарды және сатып алушылар мен тұтынушылардың қажеттiліктерiн қанағаттандыруға бағыттайды;
E) тауарларды өңдейді.
2. Тұрақты дефициті бар және сатып алушыларға қосымша күш жұмсауға тура келетін тауар нарығын қалай атайды?
A) тапшылық нарығы;
B) сатушы нарығы;
C) бәсекелес нарығы;
D) сатып алушы нарығы;
E) жабдықтаушы нарығы.
3. Адамды өз қажеттiктерiн қанағаттандыруының жолы мен әдiсiн iздеуге итермелейтін
A) экономикалық жағдай;
B) мәдениет;
C) ынталандыру;
D) жанұя;
E) әлеуметтік статус.
4. Маркетингтiң анықтаулар түбегейлi санының бар болуына қарамастан, олардың әр қайсысына ортақ сипаты бар.Атап айтқанда
A) өндірушінің басымдылығы;
B) бәсекелес басымдылығы;
C) делдал басымдылығы;
D) тұтынушы басымдылығы;
E) жабдықтаушы басымдылығы.
5. Маркетинг iске асыратын коммерциялық ұйым нақтылы пайданы алудағы өз қызығушылықтарын не арқылы қамтамасыз етеді?
A) тауарларды сату орын сандарын көбейту арқылы;
B) дұрыс бағалық саясат арқылы;
C) жарнамалар арқылы;
D) тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы;
E) дұрыс саясат жүргізу арқылы.
6. Тiгiн кәсiпорнының Жоғарғы басшылығы кәсiпкерлiкпен шұғылдана, біріншіден өз қызығушылығын, екіншіден тiгiн бұйымдарының тұтынушыларының мүдделерiн есепке алу; үшiншiден, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету керек. Кәсiпорын осы жағдайда жүзеге асырады
A) «таза» маркетинг концепциясын;
B) коммерциялық күштердi интенсификациялау концепциясын
C) тауарды жетiлдiру концепциясын;
D) әлеуметтiк - әдептiк маркетинг концепциясын;
E) серіктестік қатынастар концепциясын;
7. Маркетинг кешеніне нені кіргіземіз?
A) жарнаманы, бағаны, тауарды, қаптаманы;
B) тауарды, үлестірілуді, бағаны, коммуникацияны;
C) тауарлық белгіні, қаптаманы, бағаны, үлестірілуді;
D) жарнаманы, жеке сатылымды, қоғамдық байланыстарды, сатылымды ынталандыруды;
E) бағаны, қоғамдық байланыстарды, сатылымды ынталандыруды
8. Маркетинг кешенiн өңдеу және iске асыру не үшiн жүргізіледі?
A) тауарларға қисынды бағаны орнату;
B) маркетингтің бекітілген мақсаттарына қол жеткізу;
C) жарнаманың тиімділігін қамтамасыз ету;
D) жаңа тауарлар шығару;
E) нарықты зерттеуді жүргізу.
9. Тұтынушылардың кең таралған және қол жеткізе алатын тауарлар (қызметтер) бағасына қатынасы - бұл маркетинг тұжырымдамасының iске асыруы үшiн негiз
A) тауарды жетілдіру;
B) коммерциялық күштер (жарнама) интенсификациясы;
C) өндірісті жетілдіру;
D) әлеуметтiк - бағдарланған маркетинг;
E) «таза» маркетинг.
10. Шығарылған тауардың (қызметтің) сату көлемдерi негiзiнде пайданың шығаруына фирманың бағыты тән
A) «таза» маркетинг концепциясына;
B) коммерциялық күштердi интенсификациялау концепциясына
C) өндірісті жетiлдiру концепциясына;
D) тауарды жетілдіру концепциясына;
E) серіктестік қатынастар концепциясына.