1.5 Жеке үй тапсырмасы
Маркетингтің қағидалары мен функцияларын, оның мәнін ашатын құрылымды-логикалық схема құрыңыз.
Схеманы талдаңыз және маркетинг пен өтім концепциясының ортақ және айырмашылық сипаттамаларын салыстырыңыз.
1 Схема .Өтім
2 Схема . Маркетинг
Тұтынушы-лардың анализі мен бағалануы
Кәсіпорын мақсаттарына жету
Кәсіпорындар-дың маркетингтік
күштерiн интегралдау
Тұтынушылар талаптарының қанағаттанды-рылуы
(iске асырылуы)
Қызметтің әртүрлi салаларындағы бизнестің орнын анықтап, кестені толтырыңыз:
Қызмет саласы
|
Өндірістік жол
|
Маркетингтік жол
|
|
Шаштараз қызметтері
|
Шаш қию, сәндеу
|
Біз әйелдерді әдемі етеміз
|
|
Ресторан
|
|
|
|
Қонақ үй
|
|
|
|
Экономикалық журнал
|
|
|
|
|
2 Тақырып
МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
|
|
|
Бизнесті басқару - оның болашағын
басқару, ал болашақты басқару-
ақпаратты басқару.
М. Харпер
2.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты
1 Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің маңызын, әдістері мен тәсілдерін,
маркетингтік ақпараттық жүйелерді қалыптастырудың үрдістерін игеру.
2 Маркетингтік зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету және жүргізу тәсілдері
туралы білімді бекіту.
Сұрақтар
Маркетингтік зерттеулердің мәні.
Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.
Маркетингтік зерттеулердің әдістері.
Маркетингтік зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету.
Маркетингтік зерттеулердің мәні
Маркетингтік зерттеулер – бұл фирманың алдында тұрған жағдайға байланысты мәліметтер шеңберін жүйелі түрде анықтау, оларды жинақтау, талдау және нәтижелер туралы есеп беру. Олар тауарлардың өндірушілерден тұтынушыларға жетуіне және сатылуына қатысты мәселелер бойынша барлық факторларды талдау және тіркеуді, объективті жинақтауды мәлімдейді.
Маркетингтің негізгі мақсаты болып кешенді маркетингтік зерттеулер табылады, олар өзіне нарықты және тұтынушыларды ынталандырудың сыртқы маркетингтік ортасын зерттеуді және фирманың өндірістік-өткізушілік мүмкіншіліктерін сонымен қатар маркетингтік барлау мен бенчмаркингті қосатын ішкі маркетингті зерттеуден тұрады.
Маркетингтік зерттеулердің негізгі мақсаты – нарықтық процестер мен құбылыстардың дұрыс сипаттамасын беруге ұмтылу, фирманың нарықтағы позициясын көрсету.
Фирманың көлемі мен тұрпатына қарай, тауардың ерекшелігіне қарай маркетингтік зерттеулердің нақты есептері ұсынылады:
нарық коньюнктурасын, фирманың өз мүмкіндіктерін, бәсекелестерін талдау және бағалау;
сұранысты, оның икемділігін болжау;
коммерциялық қауіп-қатерді анықтау және бағалау;
тұтынушылардың пікірлерін, түрлі нарықтық жағдайларда олардың мінез-құлықтарын анықтау, модельдеу және т.б.
Маркетингтік зерттеудің объектісі болып фирманың маркетингтк ортасы табылады.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізген кезде негізгі принциптерді басшылыққа алу қажет: жүйелілік, кешенділік, объективтілік, үнемділік, үздіксіздік, оперативтілік, нақтылық, көкейкестілік.
Маркетингтік зерттеудің нәтижесі болып маркетингтің стратегиясы мен тактикасын таңдау және жүзеге асыру кезіндегі әзірлемелер табылады. Маркетингтік зерттеулер квалификациялы басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ғылыми және тәжірибелі негізделген базаны құрастырады.
Зерттеудің тереңдігіне тәуелді оның келесі түрлері болады: барламалы (нарықтың жеке элементтерін зерттеу, немесе бөлшекті және терең зерттеудің алдындағы), сипаттамалы (екінші ретті ақпарат негізінде), талдамалық (себепті-салдарлы байланыстырды айқындау, орталарды салыстырмалы талдау).
Маркетингтік зерттеулердің түрлеріне сәйкес жалпылама бөлінуі мен жіктелу түрлері 3 кестеде көрсетілген.
3 Кесте
Маркетингтік зерттеулердің жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |