Маркетинг



бет62/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

3 тапсырма. Қойылған сұрақтар жауап беріңіз және тапсырманың жауабын табыңыз
Сіз кондитерлік фабриканың маркетинг жөніндегі менеджері болып тағайындалдыңыз делік, сізге тарату жүйесін жетілдіруге өз ойыңызды ұсынуды тапсырды. Кәсіпорын басшысы алдымен келесі сұрақтарға жауап алғысы келеді:

  • Кәсіпорын таратудың қай каналдарын қолдануы мүмкін?

  • Тарату қай каналдары ең тартымды және неліктен?

  • Кәсіпорынға қандай каналдарды және қанша қолдануы керек?

Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.


4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және тапсырманың жауабын табыңыз
«Пьер Карден» фирмасы өзі шығаратын киімдерді өзінің фирмалық дүкендерінде немесе мұқият таңдалып алынған беделді дүкендерде сатады.
«Пьер Карден» фирмасы киім кешек нарығын қандай әдіспен қамтиды? Сіздің ойыңызша, фирманың осындай жолды таңдауы неге байланысты?


5 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз.
Сіз – логистика бөлімінің басшысысыз. Сізге кәсіпорынға шығын түсініктерінің қайсысы ең пайдалы екенін анықтау қажет – дистрибьтор немесе сауда агенті. Дистрибьютор үшін 2500 а.б. жалақы беріледі және 2 % комиссиондық жинау, ал сауда агенті үшін – кепілдемелік жалақы 1000 а.б. және 5% комиссиондық. Олар бір географиялық аймақта жұмыс істейді, бір айдағы күтілетін тауар айналымы – 300000 а.б.
Дәлелдеу:
1)берілген тауар айналымында фирма үшін қайсысы жоғары бағаланады;
2)бір айда қандай айналымда дистрибьютор мен сауда агентіне кететін шығын бірдей болады.


6 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз
Шағын кәсіпорында бір ай ішінде тұтынушыларға қызмет көрсету үшін шағын автобус пайдаланылды, ол осы уақыт ішінде шамамен 2000 км жол жүру керек еді. Кәсіпорын қандай шешім таңдау керек екендігін ойластыруда: өз шағын автобусын қолдану немесе көлік компаниясына тапсырыс беру, ол компания тасымалдау 1 км үшін 2,5 а.б. тарифы бойынша жүзеге асыра алады.
Фирма өзінің көлігін қолдану барысында келесі шығындарға ұшырайды:

  • Шағын автобусты сатып алу – 120000 а.б., амортизациялық мерзімі – 8 жыл;

  • Ссудалық пайыз – көліктерді алуға жылына 20% ;

  • Салықтар, сақтандыруға кеткен шығындар – 20000 а.б., жылына

  • Еңбек ақыны төлеуге кеткен шығындар – 2000 а.б., айына;

  • Жанармайға, жөңдеуге кететін шығындар 0,6 а.б., 1 км.

Тапсырма:

  1. Фирмаға қай нұсқа оңтайлы екенін анықтаңдар, егер автобус айына 2000 км қашықтықты жүру керек болса.

  2. Берілген екі нұсқа бойынша клиенттерді тасымалдау үшін кететін шығындар қанша киллометр жүргенде бірдей болады.



7 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз
«Красота» кәсіпорнындағы шамдалды сату көлемін ақшалай түрде анықтаңыз, егер өткізуге кеткен шығындар (таратудың қысқа арнасы) көтерме саудагердің шығындарына тең болса (таратудың ұзақ арнасы).
Меншікті делдалдар арқылы өнімді өткізуге кеткен шығындар:

  • жалақы – 5500 а.б. айына;

  • жанама шығындар (автокөлік, т.б.) – 35000 а.б. жылына;

  • сыйақы - 2% әртүрлі сату деңгейінен.

Көтерме сату көлеміне кететін шығындар 15%.


8 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз.
Кәсіпорын өнімінің өткізу арналары жайлы мәліметтер келесі кестеде көрсетілген. Кәсіпорындағы әр канал өтімділігінің тиімділігін бағалаңыз.



Шығын арналары

Сатудан түскен табыс,
млн. ш.б.

Коммерциялық шығындар
млн. ш.б.

Өндірістік шығындар, млн. ш.б.

Табысқа кіретін жалпы шығындар, %

1. фирмалық дүкендер арқылы сату

12,8

1,81

8,0




2. сауда агенттері арқылы сату

2,9

0,4

1,8




3. делдалдар арқылы сату

10,3

1,6

7,3




4. көтерме сауда кәсіпорнына сату

44,1

0,4

42,2




5. бөлшек сауда кәсіпорнына сату

12,4

0,81

9,8




Барлығы:
:















9 тапсырма. Тапсырмада көрсетілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
Маркетолог У. Шерден «80/20» ережесін толықтыруға ұсыныс жасады, ол 20% тұтынушы 80% пайда әкелетінін байқады, оның жартысы қызмет көрсету кезінде жоғалады 30% пайдасыз тұтынушы. Онда ойын ережесін өзгеру қажет.
Егер «залады тұтынушылармен» қоштасса бұл әр компания өз пайдасын оңай көтере алатынын білдіреме? Неліктен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет