Маркетинг


Маркетингтік коммуникациялардың кешені



бет64/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

1 Маркетингтік коммуникациялардың кешені
Маркетинг тек соңғы тұтынушылардың тауарға деген талаптарын бөлшекті және мұқиятты зерттеудің пассивті есебіне қатысты шешімді ғана болжап қоймай, сату көлемін көбейту, олардың тиімділігін және кәсіпкерлік қызметтің жалпы табыстылығын арттыру мақсатында тауарларға сұранысты қалыптастыру мен ынталандыру бойынша активті есепті де шешеді. Осы мақсатта бірінші кезекте коммуникациялық саясат немесе тауарды нарыққа жылжыту саясаты жауап береді.
Маркетингтік коммуникациялар- екі жақты процесс: бір жағынан, ол мақсатты және басқа аудиторларға әсер етуді көздейді, ал екінші жағынан, осы аудиторлардың фирманың әсер етуіне реакциясы туралы ақпаратты алуын қамтамасыз етеді. Осы құрастырушының екеуі де бірдей маңызды; олардың бірлігі маркетингтік коммуникация туралы жүйе ретінде айтуға негіз болады.
Коммуникацияның түрлері мен формаларының жалпы қабылданған классификациясы әлі де жоқ, бірақ та маркетингтік коммуникациялардың кешенін жарнаманың әр түрлі, қоғаммен байланыстар (public relations), өткізуді ынталандыру құралдары, тікелей сатылымдар, көрмелерге қатысуды ұйымдастыру, спонсоринг, өнім-плейсмент, т.б. құрайды деп саналады.
Спонсоринг – бұл өзаралық принципімен жүзеге асырылатын фирманың демеушілік қызметі; ол басқарудың игілігі үшін қайтарымсыз түрде және олар үшін өзінің жеке көзқарастарын құрбан етуді дайын болуды көздейтін меценаттықтан айрықшаланады, демеушілік келісім шарттарымен регламенттелетін демеуші мен көмекті алатын жақтың арасындағы өзара пайдалы қатынастардың жүйесі ретінде қарастырылады.
Өнім-плейсмент – бұл тауар мен оның нарықтағы жетістігінің жағдайын жақсарту мақсатында медиабағдарламалардағы (киновидео және теледидарлық бағдарламалар) өніммен немесе қызметпен жарнама функцияларының тиімді интеграциясының көмегімен жүзеге асырылатын тауардың өткізілуі мен орналастырылуының формасы.


2 PR – қоғаммен байланыс
Қоғаммен байланыстар (public relations, PR)- маркетингтегі коммуникациялық саясаттың маңызды құраушысы ретінде қоғаммен жақсы қарым-қатынастарды орнату және осы қатынастарды басқаруды көздейді.
Қоғаммен байланыстар бойынша мамандар фирма мен тауарлар туралы БАҚ-на түсетін ақпаратты бақылайды, фирма қызметкерлерінің сұрақтарына жауап береді, брифингтер өткізеді, фирма туралы пресс –релиздерді, жарнамалық материалдарды баспаға шығарады, т.с.с. Осыдан басқа олар конференциялар мен семинарларды, қоғамдық және қайырымдылық қызметті, мерейтойлық мейрамдарды, презентацияларды өткізеді, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуды т.б. ұйымдастырады.
Қоғаммен байланыстарды қалыптастыру бойынша жұмыста негізгі назар аударылатын объектілерге БАҚ, мемлекеттік мекемелер, министрліктер мен ведомстволар, несиелік-қаржылық мекемелер, жергілікті басқару органдары, қоғамдық ұйымдар және халықтың ең кең шеңберлері жатады.
Фирма қоғамға тигізетін әсері туралы пікірі жөнінде алаң болады. Оны өз репутациясының қалыптасу ерекшеліктері алаңдамауы мүмкін емес. Фирма үшін оның және қоғамның арасындағы сенімділік жағдайын құру өте маңызды. Және де PR мақсаты болып тек өз бизнестің жақтастарын шоғырландыру мен олардың оң позициясын бекіту ғана табылмайды, сонымен қатар кім фирма әрекеттеріне теріс көзқараста болса, олардың ойларын өзгертеді және соларды өз жақтастары мен қоғамдық тірегіне айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет