Маркетинг



бет86/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99
9 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз
Кәсіпорын тұрмыстық дозиметрлерді өндіреді де нарықта өткізеді, бұл нарықта ол жылына 100 мың ақша бірлігіне өнім сатып бірнеше жыл жұмыс істейді. Соның ішінде өткізумен байланысты шығындар 1000 ақша бірлігін құрайды. Соңғы уақытта нарықта бәсекелестік жағдай күшейіп, нарықта кәсіпорын өнімінің көбейу қарқыны күрт азайып жатыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың екі жолы қарастырылып жатыр.

  1. Тауар үлгісін айтарлықтай өзгерту және ескі нарықта қалу. Бұл жағдайда болжамалы кезең шығындары (ынталандыруды және т.б. қоса) 8 есе көбейеді, ал сатылым 180 мың ақша бірлігіне дейін көтеріліп 30%-ды құрайды. Болған сатылым көлемін сақтап қалу ықтималы 70%.




  1. Тауарды сол түрінде қалдырып, сол тауармен бәсекелестік жағдайы жағымды, бірақ сұраныс жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа нарыққа шығу. Бұл жағдайда болжамалы кезең шығындары (жаңа дистрибьюторлық тордың қалыптасуы, жарнама және т.б. қоса) 4 есе өседі, ал сатылым көлемі 150 мың ақша бірлігіне өсіп, 60%-ды құрайды. Болған сатылым көлемін сақтап қалу ықтималы 40%.

Тапсырма
«шығын/сатылым» коэффициентін қолданып таңдауыңызды дәлелдеңіз (сатылымдағы шығын көлемі).


10 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз
Тұрмыстық техника дайындаушының қызмет көрсету портфелі 5 бизнес-бағыттан тұрады. Төменде бәсекестер мен сатылымдар туралы мәліметтер берілген:



Шаруашылық жүргізудің стратегиялық аймағы

Сатылым
(млн дана.)

Бәсекелестер саны

Басты үш бәсекелестің сатылымы

Сұраныстың өсу қарқыны,%

А

1,0

7

1,4/1,4/1,0

15

В

3,2

18

3,2/3,2/2,0

20

С

3,8

12

3,8/3,0/2,5

7

D

6,5

5

6,5/1,6/1,4

4

Е

0,7

9

3,0/2,5/2,0

4



Тапсырма

  1. БКГ матрицасы арқылы кәсіпорынның портфеліне талдау жасаңыз және оның жағдайы туралы өз анықтамаңызды беріңіз.

  2. Талдау шешімдері бойынша не ұсынуға болады?

  3. Әрбір бизнес-бағытқа қандай стратегия қолданған жөн?

  4. БКГ матрицасының қолдануына қажетті қандай шарттар орындалуы керек екенін айтыңыз.



11 тапсырма . Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз
Қаржылық мекемеге киім тазарту кәсіпорнының басшысы көмек сұрауға келді. Оның жұмысы жақсы жүріп жатты, өндіріске кеткен шығындарды пайдадан алып тастағанда кәсіпорын оның отбасына жақсы пайда әкеліп отырды.
Көрші ауданда осындай кәсіпорын сатып алу үшін қаржы бөлуді сұрады. Бұдан басқа жаңа жүк машиналарын және жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу үшін де ақша керек болды.
Кәсіпкер сатып алайын деп жатқан кәсіпорында өзінің құрал-жабдықтары болды. Болашақ басшы олардың жартысын өзінің бірінші кәсіпорнына аударуды, жартысын ауыстыру мақсатында сатуды көздеген.
Бар өндіріс бірінші кәсіпорында жүргізілуде жоспарланған. Жаңа орын клиенттерді қабылдау және қойма қызметінде көзделді.
Барлық шығындар мен пайданың өсу графиктері жақсылап тексерілген болса да, әлеуетті инвестор керекті ақша соммасы кепілге беріліп жатқан кәсіпорыннан үлкен деп кәсіпкерге жұмыстың басқа бағдарламасын ұсынуды сұрады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Дайындалған жұмыс бағдары мен кәсіпкерлік стратегияның маркетингтік мазмұны неде?
2. Инвестордың берілген бағдарламаға қаржы бөлуден бас тартуының нағыз себептері қандай болуы мүмкін? Неден ол жетіспеушіліктерді көрді?
3. Қандай жұмыс бағдарламасы инвесторды қанағаттандырып, оның ақша бөлуіне әкелуші еді?


12 тапсырма . Тапсырманың шешімін табыңыз
Төменде Х компаниясының басшыларының өздері жұмыс істеп жүрген нарықтар қызықтырушылығына және стратегиялық жағдайына бағасы берілген:






Салмағы

Нарықтар

1

2

3

4

5

6

Стратегиялық жағдай

Нарық үлесі

0,3

3

7

3

8

5

5

Қатысты сапасы

0,3

5

4

9

9

2

9

НИОКР потенциалы

0,3

6

2

8

5

2

8

Өндірістің экологиялылығы

0,1

4

3

8

3

4

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет