Маркетинг


Маркетингтік стратегиялардың негізгі бағыттары мен түрлері



бет82/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99
2 Маркетингтік стратегиялардың негізгі бағыттары мен түрлері
Фирма қызмет етуінің нарықтық жағдайларына тәуелді маркетингтік стратегияның ауқымды бағыттарының бірнеше түрі белгіленуі мүмкін: нарықтың географиялық кеңеюі, диверсификация, сегментация.
Нарықтың жаңалығына байланысты И. Ансоффтың фирманың нарықтық белсенділігінің кеңейтілуінің векторлары бар:
“ескі нарық – ескі тауар” (нарыққа терең ену стратегиясы);
“ескі нарық – жаңа тауар” (жаңа тауарды әзірлеу стратегиясы);
“жаңа нарық – ескі тауар” (нарық шекаларын кеңейту стратегиясы);
“жаңа нарық – жаңа тауар” (диверсификация стртегиясы).
Котлер – Портердің стратегиялары: егер маркетингтік стратегиялардың негізгі бағыттарын екі аспекті бойынша біріктірсек – мақсаттық нарықты таңдау және стратегиялық басымшылдық (тауардың уникалдылығы немесе оның бағасы), онда фирманың келесі негізгі стратегияларын белгілеуге болады: жаппай, диверсификацияланбаған, стандартты маркетинг стратегиясы, диверсификацияланған маркетингтік стратегиясы, концентратталған, мақсаттық маркетингтік стратегиясы.
БКГ стратегиялары: БКГ матрицасын пайдаланып (14 сурет), бәсекелестермен салыстырғанда оның қандай шаруашылық стратегиялық зонасы немесе тауарды басты роль ойнайды және оның нарықтарының динамикасы қандай екендігін дәлелдейді. Ал бұл өз кезегінде фирмаға стратегиялық әрекеттердің оптималды бағытын әзірлеуге мүмкіндік береді.
PIMS стратегиясы түрлі экономикалық параметрлері мен фирманың екі қызмет ету сипаттамаларының – инвестициялардан түсетін табыс және қолма қол қаражаттардың қозғалысы – арасындағы арақатынасты орнатуды көздейді, бұл стратегияларды талдауға және фирма үшін олардың ішінен ең оптималдыларын анықтауға мүмкіндік береді.

14 Сурет. БКГ матрицасы


Маркетингтік стратегиялардың түрлері.
Көшбасшылық стратегиялар. Лидердің, лидерге ұмтылушының стратегиялары бәсекелестік күреске және нарықтық сұранысқа фирманың түрлі реакцияларын талап етеді және мақсаттық нарықты және маркетингтік кешенінің шараларын қамтудың түрлі дәрежесін көздейді.
“Әскери” стратегиялар. Нарықтағы үлесіне байланысты маркетингтік стратегияның үш типі белгілі: шабуылдық, қорғаушы, шегініс стратегиясы.
Маркетингтік стратегиялары (түрлері) және нарықтық сұраныс: конверсионды маркетинг стратегиясы, креативті маркетинг стратегиясы, ынталандырушы маркетинг стратегиясы, ремаркетинг маркетинг стратегиясы, синхромаркетинг стратегиясы, қолдаушы маркетинг стратегиясы, демаркетинг стратегиясы, қарсы әрекет ететін маркетинг стратегиясы.
Маркетингтік стратегиялар әртүрлі: оған нарықтағы жағдайға және фирманың бәсекелестік жағдайына байланысты түрлі варианттарды және олардың комбинациялары кіреді.
Американдық профессор Л. Розенбергтің анықтамасымен келісуге болады: маркетинг стратегиясы сұраныстың қалыптасуы бойынша қызметтің бәсекелес фирмаларды басу бойынша қызметімен үйлесуін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет