Маркетинг



бет84/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

13.4 Тәжірибелік жаттығулар


1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және олардың жеке анықтамалары көрсетілген. Әрбір терминге сай анықтаманы табу керек.



А. Шоғырландырылған

Е. Стратегиялық модель

Б. Shell моделі

Ж. Стратегия

В. «Иттер»

З. Конгломераттық

Г. Гори­зонттық

И. Вертикалды

Д. Нарық өсімінің ырғағы

К. «Сауылмалы сиырлар»



  1. … – бұл мақсатты нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға жету және кәсіпорын ресурстарын орналастыру бойынша басқарушылық шешімдер кешені.

  2. … – бұл екі немесе одан да көп факторлар әрекеттерінің құрамдасуына бағынышты фирманың нарықтағы орналасуын айқындайтын кеңістіктік модель.

  3. нарықтың салыстырмалы үлесін және ... көрсеткіштерін айқындайтын, компанияның шаруашылық қызметінің бағыттарын осьтер бойынша қарастыратын БКГ үлгісі.

  4. «…» – әдетте, олар бұрын «жұлдыздар» болған, ал қазіргі уақытта фирмаға нарықтағы бәсекелестік деңгейін ұстап тұруы үшін жетерліктей пайда әкеледі.

  5. «…» – бұл баяу дамитын салада салыстырмалы үлкен емес үлесі бар бизнес-аймақтар.

  6. ... Х және Y осьтері кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін және салалық қызығушылығын айқындайды.

  7. компания өзі шығаратын өнім немесе меңгерілген нарықтарымен белгілі ұқсастықтары негізінде жаңа тауар немесе жаңа нарық ізденгенде ... әртараптандыру орын алады.

  8. жаңа тауарлар мен нарықтар компания өндіретін өніммен де, ағымдағы нарықпен де және технологиямен де байланысы болмағанда … әртараптандыру орын алады.

  9. басқа кәсіпорындарды қол астына алу немесе олармен қарым-қатынас жасаумен, өндірістік қатардың стратегиялық маңызды буындарына бақылауды қатаңдату жолы арқылы пайданы әдейі көтеруі кезінде ... интеграция орын алады.

  10. көшбасшылықты орнату және қызығушылықты аймақтарда үлесін арттыру мақсатында белгілі кәсіпорындарды жаулап алу және оларға басшылық етуге бағытталған интеграция…



2 тапсырма. Жағдайды сипаттаңдар және сұрақтарға жауап беріңдер.
Сіз «жоғалған» тұтынушы болған жағдайды сипаттаңыздар. Неліктен сіз фирманың тауарларын сатып алуды қойдыңыз? Өзінің жоғалған тұтынушысын қайтару үшін фирма не істеуі керек?


3 тапсырма. Өз көзқарасыңызды айтыңыз.
Корпоративті стратегия қалыптасуында «даму» және «өсу» ұғымдары бірдей болып келеді ме? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.


4 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз.
Кестеде фирманың «өнімдік портфелінің» негізгі көрсеткіштерінің сипатамасы көрсетілген.



Өнім атауы

Өнім өткізу көлемі, мың ш.б.

Ағымдағы жылдың нарығы, ш.б.

Ағымдағы жылдағы бәсекелестің өткізу көлемі, мың ш.б.

Өткен жыл

Ағымдағы жыл

1

креслолар

8400

8700

112000

24000

2

орындықтар

17100

19400

86000

11200

3

үстөлдер

4700

5400

114000

8700

4

тумбалар

6000

8000

39000

4300



Анықтау керек:

  1. Нарықты жаулау бойынша бәсекелестердің әрбір тауар түріне бірдей тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігі;

  2. БКГ (Бостон консалтингтобы) матрицасына сай фирма өндіретін өнім түрлерінің орналасуы;


Өткізудің өрлеу қарқыны, %

1

Нарықтың қатысты үлесі, %



0

1



  1. Тауарлық портфельдің әрі қарай дамуының фирма стратегиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет