университеттермен қоса) сияқты салаларды дамытуды қамтамасыз
етеді.
ЫАТЖ, оларды құру əдістері мен құралдары, қосымшаларды
жобалау жəне бағдарламалау құралдарын сүйемелдеу жəне дамыту
ақпараттық қорларды беру құралдары мен оған қатынау, ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары көзқарасы тұрғысынан
қазіргі заманауи АЖ-нің неғұрлым күрделі сыныбын білдіреді.
Қазіргі АЖ-нің ілгеріде айтылған ерекшеліктерін ескере оты-
рып, АЖ-ні əзірлеушілер мен пайдаланушылар, АЖ-нің өсе түскен
күрделілігі мен оларды жобалау жəне енгізудің мерзімдері мен
жұмсалатын шығындарға қатаң шектеулер арасындағы объективті
қарама қайшылықтармен бетпе-бет келетінін атап өту қажет.
Нарықтағы бəсекелетік күрес жағдайларындағы кəсіпорындар
мен ұйымдардың қызметі үздіксіз өзгерістерге ұшырайды.
Бұл, қазіргі уақытта кəсіпорынның ажырағысыз бөлігін құрай-
тын жəне онымен бірге бизнес-реинжирингке тартылатын, ақпараттық
жүйелерде соған сəйкес өзгерістердің болуын талап етеді. Бұл жағдайда
АЖ, өзгеріс, талап етілетін АЖ-ның атқарымдық бөліктеріне ғана
қатысты болатындай жəне өзге атқарымдық бөліктерді қозғамайтындай,
модульдік ретінде жобалануы тиіс екені ақиқатқа айналады. АЖ-нің
бұл қасиеті кеңеюішілік (extensibility) деп аталады. Сондай-ақ АЖ-нің
сандық сипаттамалары – қызмет көрсетілетін пайдаланушылардың
саны, шешілетін есептердің өлшемділігі өзгерістерге ұшырайды.
Осыдан – АЖ-нің масштабтылығын (scalability) қамтамасыз ету
қажеттілігі туындайды.
АЖ-нің өмірлік циклінің, жекелей алғанда қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыз етудің ұзақтығы, техникалық жəне жүйелік
бағдарламалық құралдардың моральдық жəне физикалық
ескіру мерзімдерінен əлденеше рет асып кетеді. Сондықтан əртүрлі
ақпараттық-бағдарламалық платформалар (portability) арасында
қолданбалы бағдарламалық құралдардың тасымалдаушылығын
қамтамасыз ету қажет. Қосымшалардың тасымалданушылығына
қойылатын талап мəліметтерді бөліктеп өңдеу қолданылатын
гетерогендік платформалардан туындайды.
АЖ-ның өзге жүйелермен деректер алмасу бойынша, сол сияқты
оларды өңдеу үдерістерін басқару бойынша (мысалы, транзакция-
ларды орындау кезінде) өзара іс-қимылын қамтамасыз ету талабы
АЖ-ні интероперабельділік (interoperability) қасиетімен ерекшелеу
қажеттілігін анықтайды.
Ең соңында, АЖ-мен жұмыс жасауға пайдаланушыларды
даярлауға жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту талабы
тұрақты жəне достық пайдаланушылық интерфейсін (friendly user
interface) қамтамасыз ету қажеттілігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: