Мақсаты: ақша рөлінің және макроэкономикалық қызметтерінің мәнін ашу, ақшаға сұраныстың негізгі теорияларын талқылау, ақша ұсынысы, ақша мультипликаторы, ақша базасы сияқты мәселелерді қарастыру, Ақша нарығының тепе-теңдігін қарастыру



бет6/11
Дата06.01.2022
өлшемі60,43 Kb.
#13287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3. Алыпсатарлық уәжі (спекулятивтік мотив), адамдардың өз байлықтарын қаржылық активтер түрінде сақтауға тілек білдіруіне байланысты ақшаға сұраныс ретінде қарастырылады. Мұндай сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Ақшаға сұраныстың бұл түрі пайыздық қойылым мен құнды қағаздар бағамына байланысты. Пайыз артқан сайын құнды қағаздардың құны төмендей береді, соған сәйкес, құнды қағаздарға сұраныс өседі. Бұл қолма-қол ақшаны азайтып, ақшаға деген сұранысты төмендетеді. Осыған байланысты, пайыздық қойылым мен ақшаға сұраныс арасындағы кері тәуелділіктің бар екенін байқауға болады.

Келісімдер уәжі мен сақтық уәжі ақшаға трансакциондық сұранысты сипаттайды, яғни қазіргі және болашақ кезеңдерде келісімдер үшін қажетті ақшаның көлемін анықтайды. Ақшаға деген трансакциондық сұраныс ең алдымен, табыс деңгейіне тәуелді, ал пайыздық қойылымға тәуелді емес. Сондықтанда, оның сұраныс қисығы тік сызық түрінде орналасады (сурет 6.1 а).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет