Мақсаты: Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспаптарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.ұлттық құндылықтарымызды білуге үйрету. Әдіс – тәсілдері



бет2/5
Дата11.02.2022
өлшемі24,49 Kb.
#25265
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақ

Құрманғазы Сағырбайұлы : (1818-1889) Батыс Қазақстанда дүниеге

келген даулескер күйші.күй атасы.азаттықты аңсап ,бостандықты жырлап өткен дара түлға.



Музыка тыңдау: «Сарыарқа» (Құрманғазы Сағырбайұлы.)

-Балалар күй тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?

-Көз алдарыңа не елестеттіңдер?

-Балалар сұраққа жауап береді.

-Жарайсыңдар!Өте тамаша.Бұл күйден шексіз жатқан қазақ даласының тыныс-тіршілігін байқауға болады.

-Ал,балалар оқу қызметін басталмас бұрын орнымыздан тұрып, дауысымызды жаттықтырып алайық. Тыныс алу жаттығуын жасайық.

(ән саламыз ,әдемі саламыз.)

-Өтілген оқу қызметіне шолу жасап өтейік.Балалар мен қазір үйренген әндердің әуенін орындаймын .Сіздер қандай ән екенін табасыздар.(бір,екі әннің музыкасын фаномен орындаймын.Балалар қандай ән екенін табады.)

-Жарайсыңдар балалар .Енді орнымыздан түрып «Туған өлкем» әнін бәріміз бірге шырқайық.(сүйемелмен)

Музыка жетекшісі: -Рухани жаңғырудың басты мақсаты ұлттық кодымызды сақтау. Сол себепті ұлттық дәстүр ,ұлттық музыка ,ұлттық тарихымыздың ерте заманнан арқауы үзілмегенін болашақтың өркендеуне берік діңгек екенін біліуіміз керек.Сендермен балалар халқымыздың ұлттық аспаптармен тереңірек танысамыз.ұлттық аспабымыздың өзіне тән қасиеттерін танимыз.

(Экранға назар аударайық )мінеки балалар ұлттық аспаптардың ерекшелгін байқадыңдар.

-Балалар сендер ұлттық аспаптар жайлы не білесіңдер?

-Сендерге қазір жұмбақ жасырайын соны тауып көріңдерші .

Жұмбақтар:

Кепкен жарғақ,

Шеңберге керілген .

Соқсаң сарнап ,

Үн шығады төгілген.( Дауылпаз)


Ұзын мойын екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп,

Күй шығады күмбірлеп. (Домбыра)

Бас,құлақ,мойны бар,

Үп-үлкен шанағы бар.

Әндетіп шығар әні бар,

Бұл аспап қай аспап.(Жетіген)

- Ал ,балалар аспатар туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?
1.«Нағыз қазақ –қазақ емес ,нағыз қазақ –домбыра»
2.Орман аралаған үйші болар,

Қобыз сырлаған күйші болар.


Қазақтың музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай 4 ке

бөлінеді.

1.Шертпелі аспаптар тобы

2.Ұрмелы аспаптар тобы

3.Ыспалы аспаптар тобы

4.Үрмалы аспаптар тобы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет