Ұлттық музыкалық аспаптар жайлы түсінік беру.
Балалар сендер ұлттық аспапатар жайлы білесіңдер.
Ал,бүгін осы Ұлттық аспаптар жайлы тереңірек танысамыз. Көрмеде тұрған аспаптарды қолына алып таныстырады)
Сазсырнай – қазақтың ұлттық аспабы. Саз балшықтан, күйдіріліп жасалады. Үрмелі аспаптар қатарына жатады.
Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады.
Дауылпаз — ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында — «Тәбльбасс», Қырғызда «Доолбас» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |