Аса таяқ — сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «Жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде Жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Қыл қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады ).
Балалар аспаптармен таныстық.
( ұлттық аспабымыздың бір түрі асатаяқтың жасалу жолмен танысамыз.)
-Асатаяқ аспабы неден жасалады?
-Сендермен бүгінгі жаңа танысқан аспаптарды есте сақтау үшін ойын ойнайық.
-Музыкалық дидактикалық ойын:«Аспапты үнінен таны»
-Балалар қараңдаршы бұл не?
-Балалар: қазақ үй.
-Балалар қараңдаршы қазақ үйіміздің оң жақ керегесінде өздерің білетін сиқырлы ноталар орналасқан. Ал,сол жақ қалташада ұлттық аспаптармыз орналасқан. Сиқырлы ноталардың сендерге қояр сұрақтары бар екен. Ноталар сендерге аспаптардың дыбысын жасырады. қандай аспап екенін тауып , атын айтып,сол аспапты алып кез- келген ұяшыққа қоясыңдар. Қане кім дұрыс табар екен.
(Балалар аспаптарды ұяшықтарға жапсырады.)
Балалар қазақтың ұлттық аспаптары 4ке бөлінеді .енді осы аспаптарды қай аспаптар тобына жататынын табайық.(көрмедегі аспаптарды қай аспаптар тобына жататынын анықтап, өздері ойнап көреді.)
Достарыңызбен бөлісу: |