Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру


Арайлым: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп де, Оқимыз қазір ертек те, Үйретті оны Әліппе. Абылай



бет2/6
Дата10.02.2023
өлшемі28,06 Kb.
#66709
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әліппе сценарий

Арайлым:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп де,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйретті оны Әліппе.
Абылай:
Әсем ою-өрнекпен
Көмкерілген әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем
Рамазан:
Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүрміз,
Рахмет саған Әліппе.
Жанель
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ислам:
Ең алғаш алғанымда Әліппемді
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді.
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Индира:
Қымбатты менің Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Жансая:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым атасы.
Әліппеден басталған
Даналардың данасы.
Гүлдана:
Іші толған әріпке-
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім- білімнің,
Әжесі осы – Әліппе.
Жұлдыз:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
Ықылас:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Жанель:
Әліппем, менің әліппем,
«А» деген басты әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Алмас:
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Ән: «Әліппе»
Аю:
-Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!
Түлкі:
Сәлеметсің бе аю!
Аю:
Сәлеметсің бе түлкі!
Түлкі :
-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
Аю:
- Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.
Түлкі :
- Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет