Ә әрпінен басталған.
Саянов Алмазмен едім
Мен біріншіде жүргенде ,
Бағындырдым білім тереңін
С әрпінен басталған АЛМАЗ
Саянов деген тегім де
Сәлем жолдаймын сіздерге !
«Р» дегенің Рамазан балаңыз.
Қуанышпен айналаға қараңыз.
Риза болсын біліміңе балдырған, РАМАЗАН
Еліміздің игілігіне жараңыз.
«О» әрпінен басталады тегім менің,
Оңайбай Жанель мен боламын елім менің.
Оңай емес оқу оқып, меңгерген,
Озып келем мені алға сермеген, ЖАНЕЛЬ
Ұстазымның еңбегі деп білемін,
Озық ойлы болшы сен деп сендірген.
И әрпі кездеспейді бекерге,
Есімдерден іздесеңіз егер де.
Исатай, Иса аталар, ИСЛАМ
Ислам,Индира балалар,
Бәрі И- ден басталар
Ықылас , ырыс адамға,
Керек екен ылайым.
«Ы» әрпінен басталған ЫҚЫЛАС
Ыстық ,ынтымақ ,ырым да.
«Ш»әрпінен басталған.
Шыңғыс балаң мен болам.
Шыншыл ,шебер,шыныққан ШЫҢҒЫС
Шынайы шаруа тындырған
«З» әрпімен Назерке қыз көркемделген.
Заң сөзімен заманымыз өркендеген.
Заңгер болу- Назеркенің арманы, НАЗЕРКЕ
Заңғар болу бар баланың арманы.
Ерлік пенен елдікке бай,
Мен балаңмын Бекетай. «Е» әрпі есімімде, БЕКЕТАЙ
Ерттеп мінем жеке тай.
Ілім іздер даналы,
Индирамын саналы.
«І» әрпінен басталар. ИНДИРА
Ізет,ізгі ілтипат,
Адамдыққа жарайды.
Жаны жаздай Жантілекпін, Келешекке бой түзеттім .
«К»әрпінің кереметін, ЖАНТІЛЕК
Кітапты тек серік еттім.
Көрніс: «Кім неден күшті?» Әліппе:
-Жарайсыңдар балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар!