Арайлым: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп де,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйретті оны Әліппе.
Абылай: Әсем ою-өрнекпен
Көмкерілген әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем
Рамазан: Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүрміз,
Рахмет саған Әліппе.
Жанель Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ислам: Ең алғаш алғанымда Әліппемді
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді.
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Индира: Қымбатты менің Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Жансая: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым атасы.
Әліппеден басталған
Даналардың данасы.
Гүлдана: Іші толған әріпке-
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім- білімнің,
Әжесі осы – Әліппе.
Жұлдыз: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
Ықылас: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Жанель: Әліппем, менің әліппем,
«А» деген басты әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Алмас: Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Ән: «Әліппе» Аю: -Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!
Түлкі:
Сәлеметсің бе аю!
Аю: Сәлеметсің бе түлкі!
Түлкі : -Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
Аю: - Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.
Түлкі :
- Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.