Мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған «Химия» пәні
Мақсаты:
Органикалық қосылыстардың маңызды кластарының бірі көмірсулар туралы білімді қалыптастыру.
Өзектілігі:
Көмірсулар барлық өсімдіктердің және жануарлар ағзаларының жасушалары мен ұлпаларының құрамына кіреді. Массасы бойынша көмірсулар жер шарындағы органикалық заттың негізгі бөлігін құрайды.
Дәріс жоспары:
Көмірсулардың табиғатта таралуы, олардың биологиялық ролі. Жіктелуі.
Ашық және циклді формалары.
Күрделі көмірсулар.
«Көмірсулар» – деген не?
Көмірсулар немесе сахаридтер - жалпы формуласы келесі түрде боалтын, атауы айтып түрғандай көміртек пен судан тұратын табиғи қосылыстар:
Сn(H2O)m
Көмірсулардың биологиялық қызметтері:
Олар үлкен энергия қоры болады: 1г көмірсу тотыққанда 4,2 ккал энергия босатылады.
2. Ағзаның құрылымдық материалы, өсімдіктерде – целлюлоза, бактерияда-мурамин, саңырауқұлақтарда-хитин; күрделі ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, күрделі липидтердің т.б. заттардың құрамына кіреді.
3. Мукополисахаридтер деп аталатын күрделі көмірсулар дәнекер тканді “цементтеп“, ағзаны ауру тудыратын микроорганизмдерден қорғап тұрады (қорғаныш қызмет).
4. Күрделі көмірсу гепарин қанды ұйып қалудан сақтайды, яғни антикоагулянт болып табылады.
5. Кейбір полисахаридтер қанның топтарын ажыратуға мүмкіндік береді.
6.Кейбір көмірсулардың қатары және олардың туындылары медицинада дәрілік заттар ретінде кеңінен қолданылады: глюкоза, сахароза, кальций глюконаты, гепарин, гликозидтер және т.б.