Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру



бет1/3
Дата01.06.2022
өлшемі21,5 Kb.
#36106
  1   2   3
Байланысты:
ата-ана сабак


Мақсаты:
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту.Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

  • І.Кіріспе

  • ІІ.Негізгі бөлім:

  • 1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)

  • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)

  • 3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:

  • А)”Мейірімділік шуағы”;

  • 4.«Мақал—мәтелдің жалғасын табу». Алма ағашынан алма теру арқылы мақалдың жалғасын табады

  • 4.”Жағымсыз қылықтар”

  • 5.”Жақсы қасиеттер”

  • 6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  • 7.Жаттығу “Тілек шырағданы”

  • 8.Ойтолғаныс

  • І. Кіріспе бөлім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы сыр-сұхбат» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» А.С.Макаренко


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет