Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Мақсаты: Құрал-жабдықтар



бет6/15
Дата20.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
7 сынып Зертханалық жұмыстар

Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.


Жұмыс барысы.
1.Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.

2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.


3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №13


Тақырыбы: Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: бидайық, інжугүл, құртқашаш (ирис) кеппешөптері (тамырсабағымен алынған), картом түйнегі, қырыққабаттың қауданы, пиязшық (басты пияз), ұстара, ұлғайтқыш қол әйнек (ұлпа).


Жұмыс барысы.
1. Бидайық, інжугүл, құртқашаш өсімдіктерінің кеппешөптерінен тамырсабақтың жапырақ қабыршағын, бүршіктерін қосалқы тамырларын табу, тамырмен салыстырып суретін салу.



Інжугүл

Бидайық

Құртқашаш
2. Картоп түйнегінің түбі мен жоғары жағының айырмашылықтарын қарап ажырату. Түйнектің көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына көңіл аудару.
3. Түйнекті көлденеңінен 2-ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін алдыңғы өткен сабақтың құрылысымен салыстыру.
Өскін

көзшелері


4. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының ерекшеліктерін, тамыр жүйесін қарау.
5. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған сабағы) бүршіктерін қол әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.
түбіртек
Төбе,қолтық бүршіктері
Ішкі шырынды жапырақтары шашақ тамыр
Сыртқы кебу қабыршақтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет