Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Қорытынды: Зертханалық жұмыс №3



бет2/15
Дата20.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
7 сынып Зертханалық жұмыстар

Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №3


Тақырыбы: Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.


Жұмыс барысы:
1.Пияз қабығының өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.


2. Жеке жасушаның бөліктерінің атын жазып, оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.


3. Бөлме өсімдігі жапырағының жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, жасыл пластидтердің пішіні мен түсіне көңіл аудару (жапырақтары түксіз өсімдіктер алынады). Тіпті жапырақ өңін азғана жұмсағымен сылып қараса пластидтер көрінеді.


Ескерту: Көрнекілікке қосымша кез келген бөлме өсімдіктері алынады (хлорофилді көру).


Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №4


Тақырыбы: Элодея жапырағын, жапырақ өңін мысалға алып өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, элодея жапырағы, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.


Жұмыс барысы:
1.Элодея жапырағы өңінен жасалған препараттың микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салу, жасуша пішініне көңіл аудару.
2.Өсімдік жасушасының құрылысын жазу.


Қорытынды:


Зертханалық жұмыс №5


Тақырыбы: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу. Бірүйлі өсімдік асқабақ тұқымдастарының талдауы.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: тұқымдастың кеппеөсімдіктері, асқабақтың кептірілген аталық және аналық гүлдері, ол болмаса – жеке бейнеленген гүлдерінің кестесі, суреттері, ұлғайтқыш құрал.


Жұмыс барысы.
1.Асқабақ неге бірүйлі, дара жынысты өсімдік екенін түсіндіріңдер.
2. Асқабақтың аталық гүлін және аналық гүлін анықтап қарап, құрылысын жазыңдар.
3. Асқабақ гүлінің суретін салып, гүлдерінің ерекшеліктерін айтыңдар. Оқулықпен салыстырыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет