Мақсаты: Құрал-жабдықтар: қант, нан, ашытқы, алма, сәбіз, картоп (пісірліген), стакан т.б. ыдыстар, сурет дәптері.
Жұмыс барысы. 1. Қантты ортаға ашытқы саңырауқұлағының әсерін байқап көріңдер. Ол үшін екі ыдыс алып (банка, құты), екеуіне бірдей жылы су, оған бірдей етіп нан ашытқысын салып, араластырыңдар. Біреуіне аздап қант салыңдар. Екіншісін сол күйінде қалдырыңдар.Сөйтіп екеуінің де бетін жауып, жылы жерге қойыңдар. Екі сағат өткен соң, ішінде қанты бар ыдыс көпіреді. Оның себебі, ашудың нәтижесінде көмірқышқыл газзы бөлінеді. Бетін ашып, оған жанған шырпыны жақындатсақ, ол сөніп қалады. Екінші ыдыста қант болмағандықтан, ашу жүрмейді. Бетін ашып, жанған шырпыны жақындатсақ, ол жана береді.
2. Ақ және жасыл зең саңырауқұлақтарын өсіріп көріңдер. Ол үшін сабақ басталардан бір жеті бұрын бір үзім нан, алма, сәбіз немесе пісірілген картопты алып, дымқылдап, бетіне басқа бір шыны ыдысты (стакан, банка, Петри табақшасы) төңкеріп жауып, жылы жерге қояды. Бір жетіден соң ластанған мақта тәрізді жіптер басса – мукор, көк-жасыл шоғыры өссе – пеницилл, қара-қоңыр болса, аспергилдердің шоғыры екенін көресіңдер. Мукордың жіпшумағы ұзын, пеницилл мен аспергилдің жіпшумақтары тықырлау (қысқа) болады. Мукор саңырауқұлағының суретін салу.