Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Қорытынды. Зертханалық жұмыс №14



бет7/15
Дата20.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
7 сынып Зертханалық жұмыстар

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №14


Тақырыбы: Гүлдің құрылысын қарау.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдық гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.


Жұмыс барысы.
1.Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.


4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу. Оқулықтың суретімен салыстыру.



аналық аналықтың құрылысы

Аталықтың құрылысы
Қорытынды.


Зертханалық жұмыс №15


Тақырыбы: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерінің түрлері.


Жұмыс барысы.
1.Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады? Тозаңдану деген не, оның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
4. Ұрықтану қай кезде жүреді? Ұрықтану жолын түсіндіріңдер. Суретін салу.


Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №16


Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: биология кабинетінде өскен өсімдіктер, топырақ, құм немесе ұсақ тастар, құмыралар (горшок), өткір ұстара.


Жұмыс барысы.
1.Алдымен қынагүл (колеус), пеларгония (герань), бальзамин, т.б. өсімдігінен қалемше (бойында 3-4 жапырақтары бар жас өркен) дайындау.
2. Гүл құмырасын дайындау, ол үшін түбіне 3-5 см құм, бетіне қаратопырақ салу.
3. Гүл құмырасындағы топырақты ылғалдап жас өркенді (қалемшені) отырғызу. Топырақтың ылғалы құрғап кетпес үшін өркеннің үстіне шыны банка төңкеріп қоюға да болады, бірақ оны 2-3 күнде алып ауа жіберу керек. Шыны ыдыс төңкермей-ақ мұқият күтімге алса тез өседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет