Мақсаты: Құрал-жабдықтар


Қорытынды. Зертханалық жұмыс №19



бет9/15
Дата20.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#141333
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
7 сынып Зертханалық жұмыстар

Қорытынды.

Зертханалық жұмыс №19


Тақырыбы: Қырықжапырақтәрізділердің сыртқы құрылысы. Усасыр қырықжапырағының құрылысы.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, микропрепарат, кеппеөсімдіктер.


Жұмыс барысы.
1.Кеппеөсімдіктен усасыр қырықжапырағын табыңдар. Усасыр қырықжапырағының жерүсті және жерасты бөліктерін анықтаңдар. Усасыр қырықжапырағы неліктен өсімдіктерге жататынын түсіндіріңдер.
2. Усасыр қырықжапырағының жапырағын төңкеріп, астындағы споралы қоңыр төмпешіктерді табыңдар. Оны ұлғайтқыш әйнекпен қараңдар. Спораның маңызын еске түсіріңдер.
3. Микропрепаратты микроскоппен 120 есе ұлғайтып қараңдар.
4. Бақылағандарының суретін салып, астына атауларын жазыңдар.
5. Өздерің тұратын жерде қырықжапырақтың бар-жоғын анықтап, қысқаша хабарлама әзірлеңдер.


Қорытынды.


Зертханалық жұмыс №20


Тақырыбы: Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.


Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық бүрлері мен қарағай бұтағы.


Жұмыс барысы:
1.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне, мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.
2. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.
3. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен танысыңдар.
4. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.
5. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет